BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Астаналық 6 жасар бала көлік сүйреп, рекорд орнатты

Фото: Видеодан үзінді

Ақмола облысы, Қажымұқан ауылында алты жастағы Бекмансұр жеңіл автокөлікті 20 метрге дейін сүйреп, рекорд орнатты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін «Денсаулық күніне» орай Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған жерінде алты жастағы Бекмансұр жеңіл автокөлікті 20 метрге дейін сүйреп, рекорд орнатты. Әлі кішкентай болғанына қарамастан, Бекмансұр – нағыз батыр. Ол мені ағасындай көреді. Мен онымен мақтанамын. Астана қаласында тұратын кішкентай батырдың алғашқы жеңісіне куә болу – мен үшін де, біздің ауыл тұрғындары үшін де үлкен мәртебе! Алға, бауырым! Қажымұқан атаңдай бол!», - деп жазды Әмір Махмет Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, Әмір Махмет өткен жылы Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі маңында шөлмектерде 53 рет жаттығу жасап, жаңа әлемдік рекорд орнатқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер