BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астанада желтоқсанда қандай мерекелік шаралар өтеді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина елордада желтоқсан айында өтетін мерекелік шараларға дайындық қалай жүріп жатқанын айтты.

"Желтоқсан айында әрбір қазақстандыққа өте маңызды мерекелер – ҚР тұңғыш Президенті күні, елорданың Астанаға тұңғыш көшуі күні, Тәуелсіздік күнін атап өтеміз. 1 желтоқсан күні Энергия холлында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Жаңа дәуір – жарқын болашақ" атты үлкен концерт, 10 желтоқсанда "Астана" концерт залында "Астана арманы" атты мерекелік концерт өтеді. Тәуелсіздік күнінде 14 желтоқсанда Мәдениет және спорт министрлігі Тәуелсіздік сарайында үлкен концерттік жиын өткізеді. Сондай-ақ, әкімдік алдындағы қалалық алаңда мерекелік концерттер ұйымдастырамыз. Астана тұрғындары мен қонақтары келіп көруіне болады", - деді Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында 15 желтоқсанда шаңғы тебу маусымын ашуға арналған "Алғашқы қар" шарасы өтеді. Осы күні Ботаникалық бақта, Триатлон бағында, Президент саябағында шаңғы трассалары ашылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер