Астанада Altyn Shipager сыйлығын табыстау рәсімі өтеді - Атаулы күн|13 Маусым 2018, 12:59
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Астанада Altyn Shipager сыйлығын табыстау рәсімі өтеді

14 маусым күні Бейбітшілік және келісім сарайында, елорданың 20 жылдық мерейтойы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Медициналық қызметкерлер күніне орай «Елорда денсаулық сақтаудың 20 жылдығы, жетістіктері мен келешегі» атты ауқымды салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның басты оқиғасы бұрын-соңды болмаған алғаш рет медициналық ALTYN SHIPAGER сыйлығының табыстау рәсімі болып келеді. Салтанатты жиынның жүргізушілері: журналист, белгілі тележүргізуші, дизайнер Динара Сәтжан және мәдениет қайраткері, актер, әнші, композитор Нұрлан Әлімжанов.

Аталған іс-шара отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді.

Бұл салтанатты жиын үздік дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетуге арналады. Іс-шараға денсаулық министрі Елжан Біртанов, қала әкімі Әсет Исекешев, мәжіліс депутаттары, ДДСО өкілдері, ғалымдар мен олимпиада чемпиондары шақырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер