Астана тарихынан сыр шертетін фотокөрме - Атаулы күн|07 Желтоқсан 2017, 18:24
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Астана тарихынан сыр шертетін фотокөрме

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында қалалық Мемлекеттік мұрағаты «Тоғыз жолдың торабындағы Астана» атты фото-деректі көрменің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Көрменің мақсаты астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру тарихын және жаңа елорданың салынуын көрсететін құжаттармен қаланың тұрғындары мен қонақтарын таныстыру. Тәуелсіз еліміздің жаңа астанасы статусын алуына байланысты дамудың жаңа кезеңдерін бейнелейтін Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорларынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатынан, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған құжаттар алғаш рет ұсынылып отыр. Олардың ішінде: елорданы көшіру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы, Ақмола қаласына көшірудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамасы, қаланың салынуы туралы материалдар, қаланың паспорты, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы және басқа да қызықты құжаттар бар» - дейді ұйымдастырушылар.

Көрменің ең құнды жәдігерлері – Астананың бірінші әкімі Ә.Р. Жақсыбековтің жеке қорынан алынған құжаттары, наградалары, Ақмола қаласына жоғарғы және орталық органдардың көшірілуі бойынша мемлекеттік комиссиясының төрағасы Ф.Х Галимовтің жеке қорынан алынған бірегей фотоматериалдар.

Мұрағаттық құжаттарға қосымша ретінде Астана қаласы әкімдігіне шетел делегацияларының атынан әр жылдары берілген кәдесыйлар мен сыйлықтар.

Көрменің ашылуына ғалымдар, тарихшылар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мұрағатшылар, ғылыми қызметкерлер, қоғам өкілдері қатысты.

Көрмеге келген қазіргі Астананың, бұрынғы Ақмоланың тұрғындары өз естеліктерімен бөлісті.

«Барлығы көз алдымызда өзгерді. Сол 1997 жылдың 10 желтоқсаны күні Астана атанған жаңа, жас қаланың бүгінгі әлем таныған бас қалаға айналу тарихын қазақ елі, Қазақстан халқы өз қолдарымен жазды. Бұған Елбасының ерекше еңбегі сіңді. Біз өзіміздің Астанамызбен, өзіміздің Президентімізбен мақтанамыз» - дейді көрмені тамашалауға келген зейнеткер.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер