BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.08 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.46 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

Әсет Исекешев медицина қызметкелерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Медицина қызметкері күні қарсаңында дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Ұлттық музейде Медицина қызметкері күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров 30 дәрігерді кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.

Ол ақ халатты абзал жандардың жұмысына жоғары баға беріп, оларға табыс тіледі.

Кездесуде «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілі Медицина қызметкері күні қарсаңында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің дәрігерлерге арнаған құттықтау хатын оқып берді.

«Сіздерді кәсіби мерекелерініңбен шын жүректен құттықтаймын. Біз сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізді жоғары бағалаймыз. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының атынан елордадағы медицина саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық пен бақыт, жұмыстарыңызға табыс тілеймін», - деді қала әкімі өз құттықтау хатында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер