BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Әсет Исекешев дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Алдымен елорда әкімі ақ халатты абзал жандарға өзінің шексіз алғысын білдірді.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Елордамызда денсаулық сақтау саласы серпіндіп дамып келеді. Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығын сақтау – стратегиялық ең маңызды міндеттердің бірі. Өйткені, адам жанын сақтап қалудан асқан мәртебе жоқ. Адамдардың амандығынан асқан байлық та жоқ. Біз өмірге келгеннен бастап, сіздердің мейірімдеріңіз бен шапағаттарыңызға бөленіп келеміз. Сол үшін сіздерге алғысымды білдіремін», - деді ол Аltyn Shipager бірінші медициналық жүлдесін табыстау рәсімінде.

Кейін Әсет Исекешев Астанадағы медицина саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады:

Астана қаласы Онкологиялық орталығы Хирургия бөлімшесінің онколог-хирург дәрігері Әбдікәрімов Әнуар Маратұлы,

№ 2 қалалық аурухананың ангиохирург дәрігері Абдуллинов Азамат Сансызбайұлы,

№1 қалалық аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Сүлейменов Аян Базарбайұлы,

№2 қалалық балалар ауруханасының хирургиялық инфекция бөлімінің меңгерушісі Мәкенов Жұматай Неғматұлы,

№2 қалалық балалар ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Байназаров Олжас Қорғанбекұлы,

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ісқалиева Жанна Асқарқызы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер