BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Алматылықтар қала күнін қалай атап өтеді

Алматыда қала күні жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде дәстүрлі түрде атап өтілуде, биыл ол 16 күнге келіп тұр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін 2018 жылдың 16 қыркүйегі қандай естеліктерімен есте қалады?

Біріншіден, қалада «ALMA FEST» алма фестивальі өтеді. Ол бірден қаланың бірнеше жерінде атап өтіледі, нақтырақ айтқанда ҚР Бірінші президенті саябағында, Панфилов көшесі бойында, Almaty Arena кешенінің алдында, Жібек Жолы көшесінде, Абай және «Астана» алаңдарында, Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен Көктөбеде.

Мерекелік шара өтетін жердің барлығында музыкалық қойылымдар қойылып, жастардың биі орындалады.

ҚР Бірінші президенті саябағында өтетін бағдарламаға қысқаша тоқталсақ. 16 қыркүйек күні ол жерде ең ұзын Құрақ көрпе әлемдік Гиннес рекордтар кітабыныңжаңа рекордын орнататын болады. Оны шаһар тұрғындары мен әр аймақтан келген қонақтар тіккен. Ұлттық көрпені тігу Наурыз мейрамын тойлау кезінде қолға алынған.

Саябаққа кіре берісте артістер мен лайф-бэндтер өнер көрсетеді және әр жерде келушілерді елітіп әкететін барабаншылардың тетарландырылған парады өтеді. Сондай-ақ Bimbi көше театрының, цирк және мемлекеттік қуыршақ театры артістерінің қатысуымен сахналық шоулар болады.

Мерекелік шара барысында сондай-ақ «Мың бояулы қала» көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың «Менің сүйікті қалам» тақырыбындағы жұмыстары қойылады.

Саябақ ішінде қаланың жас суретшілерінің жаңа жұмыстары қойылады. Арт нысандар қаланың өмірін, қозғалысы мен дамуын көрсететін болады. Мәселен, «Almatylik kitap» атты екі метрлі кітапқа әр келуші өзінің тілегін жазу арқылы қала тарихына ізін қалдыра алады.

Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесінде танымал суретші-реставратор Қрым Алтынбековтың зергерлік бұйымдары қойылады.

Сондай-ақ келушілер қала күніне арналған фото байқаулар мен түрлі мерекелік шараларды тамашалайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Қыркүйек 2018, 10:26
БЖЗҚ-да ашық есік күні өтеді
Пікірлер