BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматы Спорт күнін қалай атап өтті?

Тамыздың үшінші жексенбісінде бүкіл Қазақстан бойынша Спорт күніне арналған іс-шаралар өтті. Алматыда да шаһардың әр ауданында спорттық мерекеге орай ұйымдастырылғандардың бірі М. Горький атындағы орталық саябағында болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпараттық және спорттық ХАБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және демалыс саябағында Спорт күні мерекесіне мыңдаған жасөспірім мен ересек жиналды: Оларға ұйымдастырушылар ойын-сауық және спорттық ойындар дайындады.

«Өмірде жағымды ойын-сауық қағидасын сақтау керек. Алматы қаласының әкімдігінде мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтарын осындай керемет атмосфераға бөлеп, тамаша мереке ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз! Біз саябаққа үш баланы алып келдік, олардың барлығына мереке ұнады», - дейді Алматы тұрғыны Марина Гордеева.

«Спорттық Алматы» бағдарламасының ұйымдастырушыларының бірі Айдос Бағашев қаланың мерекелік іс-шараларына он мыңдаған салауатты өмір салтын ұстанатын халық жиналған атап өтті.

«Бүгінде саябаққа көп адам жиналды. Бұл Алматы тұрғындарының белсенді өмір сүріп жатқанының белгісі екенін дәлелдейді. Жыл сайын елімізде жүйелі түрде спортпен шұғылданатын адамдардың саны артып келеді. Мұның барлығы жергілікті спорттық инфрақұрылымның дамуына байланысты деп ойлаймын. Мысалы, Алматыда спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған, демек бұқаралық сипат жаңғыртылады. Алматы әкімдігінің тапсырмасы бойынша барлық оқу орны мен басқа да қоғамдық орындар заманауи спорттық жабдықтармен жабдықталған, тіпті әдеттегі аулаларда қажетті жағдайлар жасалады. Айта кетер жайт, тамыздың 19-ы - отандық және әлемдік футзал үшін ерекше күн. Осы күні Алматыда студенттер арасында футзалдан әлем чемпионатының ашылуы болды. 8 күн бойы осы қызықты және серпінді спорттың барлық жанкүйері Almaty Arena спорт кешенінде дүниежүзінің мықты командаларының ойындарын тамашалауға мүмкіндік алады» - дейді Айдос Бағашев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер