BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Алматыда мешітке келушілер Қала күнін спортпен атап өтті

Фото: Ақпараттық-спорттық ХАБ

Алматыда қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Асыл мұра» бағдарламасы аясында Қала күні мерекесіне орай спорттық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің алаңында өткен бұл шараға 2000-нан астам мешіт жамағаты жиналып, өз өнерлерін ортаға салды.

Шараның салтанатты ашылуы жұма намаздан соң басталып, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысы Айдар Есенбеков пен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевтың құттықтау сөздерімен басталды.

Кез келген мешітке келуші жамағаттар қошқар көтеру, асық ату, арқан тарту, гір көтеру, ләңгі тебу, бұқа тартыс сынды ойын және спорт түрлерінен өз күштерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар балаларға арналған бампербол ойының ұсынып, мешітке келушілерге мереке арналған апорт алмаларын таратты.

Салтанатты шара барасында Мақсат Базабраев, Талғат Жорабаев, Бейбіт Кушкалиев сынды еліміздің эстрада жұлдыздары өз әндерін шырқап, тәжірибелі акробаттар өз өнерлерін көрсетті.

Айта кетер жайт, «Асыл мұра» қаладағы мешіттерге келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Бұл бағдарлама аясында әр сенбі және жексенбі сайын қаламыздың футбол алаңдарында күнтізбеге сәйкес футбол лигасы өтуде. Оған барлық мешітке келуші жамағат қатыса алады. Жарыстын жалпы жүлде қоры - 1 млн теңге.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер