BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

 Алматыда қала күніне орай велошеру өтеді

Фото: интернеттен

Қазанның 14-іне «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қала күніне арналған күздің бесінші велошеруі өтеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Ақпараттық және спорттық ХАБ таратқан мәліметке сүйенсек, кез келген қала тұрғыны мен қонағы таңертен сағат 09:00-де «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналады. Олар 09:30-да велошеруді бастап Әл-Фабари даңғылы бойымен 7,5 км қашықтықты бағындырады. Қатысушылар Тұңғыш Президенті саябағында велошеруді аяқтайды.

Сондай-ақ, мәреде барлық қатысушының арасында бағалы сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатынын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он тоғызыншысы болып отыр. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер