BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Ақтөбелік ұстаздар әкімнен ақшалай сыйлық алды

Фото: aktobenews.kz

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі aktobenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ұстаздық – ең қадірлі мамандықтардың бірі екенін айтты.

«Сіздер болашақ ұрпақты тәрбиелейсіздер. Ғалым да, әкім де, министр де сіздердің тәрбиелеріңізден өтеді. Елбасы әр жолдауында білім саласына үлкен көңіл бөледі. Мемлекеттік бағдарламалар мен бөлініп жатқан қаржылар соның айғағы. Облыс бюджетінің 40 пайызы білім саласына арналған. Салынып жатқан ғимараттар мен алынып жатқан құрал жабдықтар туралы да білесіздер. Жақында ғана білім және ғылым министрлігі республикамыздағы ең үздік 48 ұстазды марапаттады. Оның бесеуі біздің облыстан. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесі бойынша да біздің облыс алғашқы бестікте. Оның барлығы сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Мен облыс басшылығы атынан жасаған қызметтеріңіз үшін және қоғамдық жұмыстарға атсалысқандарыңыз үшін алғыс айтамын», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Үздік педагог — 2018» республикалық байқауының жеңімпаздары әкімнің 100 мың теңге сыйақысына ие болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер