BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«Ұлы дала сазы» атты концерт өтеді 

Астана, BAQ.KZ. 2 қараша күні сағат 19:00-де «Қазақстан» Орталық концерт залының камералық залында Астананың 20 жылдығына орай «Астана сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Ұлы дала сазы» атты концерті өтеді.

«Астана сазы» – ата-бабамыздан қалған бай мәдени мұраны сақтап, қазақ елінің төл дәстүрін терең меңгеріп, халық музыкасы арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғыртып жүрген бірегей ұжым. «Қазақконцерт» концерттік ұйымының құрамындағы ансамбльдің басты мақсаты – xалық музыкасының көркемдігі мен тереңдігін, рухани болмысы мен асқақтығын дәріптеу, жаңадан жаңғырту.

Концертте көрермендер «Астана сазы» ұжымының орындауындағы атақты күйлер мен заманауи композицияларды тыңдай алады. Фольклорлық ансамбль ғасырдан-ғасырға жеткен әуеннің әуезділігін сезіндіретін, халық композиторларының туындыларын әртүрлі аспапта орындап, естен кетпес кеш сыйлайды.

Концертте фольклорлық ансамбльмен қатар, ҚР мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, ансамбльдің көркемдік жетекшісі, «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты, атақты композитор Бауыржан Актаев, сонымен қатар халықаралық және республикалық конкурстарының иегерлері Венера Табыс, Асылбек Гүлмира (жетіген), Мұңайтпас Аян (сыбызғы), Жүртекина Нұрбану (саз сырнай) өнер көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Желтоқсан 2018, 16:48
Астанада шаңғы жарысы өтеді
Пікірлер