BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 354.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

Шпекбаев Астанаға алғаш келген кезін еске алды 

Астана бас қала атанған кезде елордаға алғаш қоныс аударғандардың бірі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қаланың дамуына үлес қосқан астаналықтарға алғысын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«1997 жылы Астанаға алғаш келгендердің бірімін. Күзде келгенімізде 200 мың тұрғыны бар шет аймақтағы қала болды. Бүгінде 20 жыл болған қалада 1 миллион 200 мыңнан астам адам тұрады. Біздің қаламыздың дамуына, гүлденуіне үлкен үлес қосқан астаналықтарға алғыс айтқым келеді», - деді Шпекбаев.

Ол басқа қаладан Астанаға келгенде бір айда шағын аудандар бой көтергеніне таңғалғанын айтты.

«Мұны не үшін айтып отырмын, махаббат қаласы – Ереванға 2800 жыл, ал біздің қаламызға бар-жоғы 20 жыл. Осыдан кейін Астанада тұратыным үшін бойымды мақтаныш кернеді», - деді ол.

«Инвесторлар, шетелдіктер салған ақшаның нәтижесін бәріміз көріп отырмыз. Мұнда тұрғын үйлер ғана емес, әлеуметтік нысандар, жұмыс орындары ашылатын кәсіпорындар құрылып жатыр. Мұның бәрі Астана тұрғындарының ғана емес, ел азаматтарының жағдайын жақсарту мақсатында атқарылып жатыр», - деді агенттік төрағасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер