Шымкенттік фермер Астананың 20 жылдығына ерекше сый жасамақ - Астанаға 20 жыл|13 Маусым 2018, 19:24
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Шымкенттік фермер Астананың 20 жылдығына ерекше сый жасамақ

Фото: Ерлан Омаров

Тоқсан мың шырайгүл, сәлбен мен барқытгүл Астананы көркейте түспек. Мұндай әдемі сыйлықты оңтүстікқазақстандық бағбан Астананың туған күніне сыйлайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, Уктам Абдурасулов ол жыл сайын жылыжайда миллионға жуық гүл өсіреді екен. Өткен жылы оның гүлдері ЭКСПО халықаралық көрмесінде көз тартар көрік берсе, Өскемен, Талдықорған, Алматы көшелерін сұлулыққа бөлеген. Биыл алғаш рет Қырғызстанға экспортқа шығарылған гүлдерді шаруа келесі жылы Ресей нарығына шығаруды жоспарлап отыр. Сыйлық тиеген жүк көлігі жақын арада елордаға бет алмақ.

"Сыйлықтарды жасай береміз. Құдай қаласа, біздің гүлдер Астанамыздың тұрғындарымен қонақтарының көзін қуантып, адамдарға қуаныш сыйлап жатқанын көріп қуанатын боламыз" - дейді Уктам Абдурасулов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін гүл өсірумен айналысатын астаналық бағбанның гүл өсірудегі ерекшеліктері жайлы жазған болатынбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер