BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ресейдің бірнеше қаласында Астана күні өтеді

Астана, BAQ.KZ. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов және Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин 2019 жылға жоспарланған Санкт-Петербург пен Челябинск облысында өтетін Астана күндерін талқылады.

Астана әкімдігінде қала әкімінің Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесуі өтті. Тараптар Астана және Мәскеу қалаларының үкіметі арасындағы 2018 жылдың желтоқсанында аяқталатын екі жылдық әріптестік бағдарламасының іске асырылу қорытындысын алдын ала талқылады.

Бородавкин мырза Ресейдің тарапынан екі астананың «жүйелі және жоспарлы әріптестіктің» жалғасуына мүдделі екендігін, таяу жылдарға өзара бірлесіп жұмыс істейтін жаңа бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

«Елшілік Астана мен Мәскеудің арасындағы достық байланысты дамытып және нығайтуға бар күшін салады», - деп уәде берді Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

Бақыт Сұлтанов елші мырзаның ұсынысын қолдады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз Астананы 2050 жылға дейін дамыту Стратегиясын әзірлеуге кірістік. Осы стратегияны іске асыру шеңберінде біз әлемнің түрлі қалаларының халықаралық урбанистикалық даму тәжірибесін зерттейміз. Бізге ірі мегаполис ретінде Мәскеудің тәжірибесі өте қызықты» - деді әкім.

Әкім сондай-ақ заманауи әлемде бәсекелес елдер ғана емес, қалалардың да бәсекелесіп жатқан тенденциясының байқалатынын айта кетті.

«Бұл жерде тек бәсеке туралы емес, өзара екі жаққа да тиімді кооперация бар», - деді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Желтоқсан 2018, 16:48
Астанада шаңғы жарысы өтеді
Пікірлер