BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Павлодар облысынан келген балалар Астана қаласын тамашалауда

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астанаға Павлодар облысынан балалар келіп, қаланың көрікті жерлерін тамашалауда. «Астана – менің Отанымның Елордасы» атты әлеуметтік жоба қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстанның барлық аймағындағы аз қамтылған отбасылардан, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ олимпиада мен әртүрлі байқауларда жеңімпаз болған 1000 оқушы Астанаға келіп, үш күндік турға қатысады.

Осы уақытқа дейін Алматы облысы мен Ақмола облысының балалары кеген. Ал кеше Павлодар, Екібасұз, Ақсу қаласының балалары келді.

«Бүгін балалар «Астана-Тәйтерек» монументін тамашалап, Хан Шатырға барады. Түстен кейін Ұлттық музейге, Хазірет Сұлтан мешітіне, Тәуелсіздік алаңына және басқа да мәдени нысандарға барып, ғимараттардың салыну тарихымен танысады. Қаланың қай жеріне баратыны туралы жазылған бағдарлама балалардың қай уақытта келіп, қай вокзалдан түсетініне байланысты («Астана 1» вокзалы немесе «Нұрлы жол» вокзалы – авт.) өзгеріп отырады. Бұл балалар кеше таңғы жеті жарымда келді. Барлығы 34 бала, оның 190-ы – мүмкіндігі шектеулі бала, ал 15-і – аз қамтылған отбасынан шыққан бала», - дейді гид Еркін Тұрғаналиев.

Жан-жағына тамсана қарап, қуанышқа бөленген балалар алған әсерлерімен бөлісті.

«Біз Екібастұз қаласынан келдік. Кешеден бері қаланы аралап, қыдырып жүрміз. Саябаққа барып, қайыққа отырдық. «AILAND» демалыс орталығына бардық. Ол жер бізге өте ұнады», - дейді Нұрғанат Жігеров.

Алдағы уақытта аталған әлеуметтік жоба бойынша Қазақстанның басқа да аймақтарынан балалар келеді.

Видео: Нұржас Жақсыбай

Бәйтерек монументінде Астанаға қонаққа келген оқушылар арасындағы мына бір бала назар аудартпай қоймады. Балалық ақ көңілімен тілек тілеп тұрған оның жанына барып «Қандай арманың бар?», «Қандай тілегің бар?» деп сұрақ қойып, көңілін алаңдатпауды жөн көрдік...


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер