BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Парижде балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Фото: ҚР СІМ

Франциядағы қазақ диаспорасының бастамасымен және Қазақстан Елшілігінің қолдауымен қазақ-түрік қауымдастығының мәдени орталығында «Астана балалар көзімен» тақырыбында сурет салудан байқау өткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығармашылық байқауға 7-17 жас аралығындағы Францияда тұратын қазақ балалары қатысты. Барлығы 19 жұмыс ұсынылды.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев марапаттау кезіндегі өз сөзінде осындай дарынды балаларды тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айтып, мерекелік іс-шараның барлық қатысушыларын Астана күнімен құттықтады. Елші өз сөзінде Астана ел бірлігінің символы, бүкіл Қазақстанның серпінді, әрі тұрақты дамуының айғағы екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осындай іс-шараларда балалар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру негізі қаланады.

«Конкурсқа қатысқан көптеген балалар Астанада болған емес. Бұл Елорданың басты көрікті жерлерін суреттеп салуда балаларға кедергі болған жоқ. Байқаудың мақсаты – балаларға патриотизмді, туған жер мен Астанаға деген сүйіспеншілікті дәріптеу. Суреттері арқылы балалар Астана күнін атап өтуге өз үлестерін қосқысы келді», - деді диаспора жетекшілерінің бірі Тәбәрік Догу.

Фатмагүл Апак (1-орын), Емре Тұрсын (2-орын) және Керім Алдұрсын (3-орын) байқаудың жеңімпаздары атанды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер