BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Астанада муайтайдан кәсіпқойлар арасында турнир өтеді

Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына орай 2018 жылғы 15 маусымда Астана қаласында, муайтайдан кәсіпқойлар арасындағы «Астана қаласы әкімінің кубогі» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Турнир 71 килограмға дейінгі салмақта «сегіздік» форматында өткізіледі. Онда Таиланд, АҚШ, Бразилия, Швеция, Польша, Иран және Қазақстан елдерінің сегіз кәсіпқой спортшысы бір кеште Астана қаласы әкімінің кубогы үшін шайқасатын болады.

Кештің негізгі ұрысында, Дүниежүзілік муайтай кеңесінің (WMC) нұсқасы бойынша 51 килограмдық салмақта кәсіпқойлар арасындағы Азия чемпионы белбеуі үшін халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Саясатов пен Таиланд Корольдігінің чемпионы Конгкамрай Жирапонг кездеседі.

Турнирдің ұйымдастырушылары: ҚР Муайтай федерациясы және Астана қ. әкімдігі. Өтетін орны: Астана қ., Сауран көшесі 44, ЕХРО-2017 аумағындағы «Конгресс-орталық». Жарыстың басталуы: сағат 18-00. Кіру тегін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер