BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Мәскеулік театр Астананың 20 жылдығына орай спектакль қояды

Фото: kapital.kz

Мәскеу тәуелсіз театры Астанаға гастрольмен келіп, елорданың 20 жылдығы қарсаңында көрермендер назарына «Мастер и Маргарита» спектаклін ұсынады. Михаил Булгаковтың театр актерлерінің орындауындағы жаңа үлгідегі өлмес туындысы – сұранысқа ие қойылымдардың бірі. Спектакль 40-тан астам мемлекетте көрсетілген. Астанадағы қойылым 27 сәуірде сағат 19:00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аңызға айналған спектакльде Владимир Стеклов, Наталья Гончарова, Дмитрий Белый, Сергей Векслер, Виктор Черненко, Инна Рощина, Павел Бессонов, Алексей Солодякин сынды актерлер ойнайды. Қоюшы-режиссер – Ресей халық артисі Валерий Белякович.

Ерекше, бірегей, тамаша. Нағыз мистикалық қойылым сахналанғанда көрермендер нақ осындай сезімге бөленеді. Режиссер сәтті ойлап тапқан мизансценалар, бидің көптігі, әдемі костюмдер, лазерлік шоу, жарық бойынша суретшінің шеберлігі мен актерлердің ойыны бұрын-соңды мүмкін емес болып көрінгенді жүзеге асырады: Булгаковтың ең танымал спектакліне сахнада жан бітеді. Шығарманың театрлық нұсқасы түпнұсқадан еш кем емес. Көрермендер қойылым мен актерлердің ойыны арқасында 30-шы жылдардағы ескі Мәскеуге түседі. Оның тұрмысы да, атмосферасы да, түстері де, тіпті иісі де сол бұрынғыша. Актерлердің шеберлігі, музыканың сиқырлы дыбыстары көрерменді еліктіріп, тәнті етеді.

Мәскеу тәуелсіз театрының «Мастер и Маргарита» спектаклі ТМД мемлекеттерінде кеңінен танымал спектакль болып саналады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер