BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

«Қазақконцерт» ұжымы Астананың 20 жылдығына 20 іс-шара өткізеді

«Қазақстан» Орталық концерт залында Астана қаласының 20-жылдығына арналған іс-шара жоспарын таныстыру және Наурыз мерекесі қарсаңында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы және Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында пресс-тур өткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақконцертте» барлық жанрлар ұсынылған: халық өнері, классика, эстрада. Шығармашылық құрамға фольклорлық-этнографиялық ансамбль, «Академия солистов» мемлекеттік камералық оркестрі, «Astana Musical» театры, эстрадалық және опералық әншілер кіреді.

«Қазақконцерт» – өнер туындыларымен көпшілікті қауыштырып, ұйымға қарасты өнер ұжымдары мен жеке орындаушыларды танытушы өнер ордасы. Әлемдегі озық технологиялық жетістіктерді есепке алып жабдықталған, сәулет өнерінің бірегей туындысы саналатын ғимаратта орын тепкен ұйым – халықаралық және республикалық конкурстар мен театр фестивальдерін жыл сайын ұйымдастыру жөнінде алдына мақсат қойып отыр» - дейді «Қазақконцерт» МКҰ директоры Жеңіс Сейдоллаұлы.

Құрамына «Астана мюзикл», «Астана сазы», «Солистер академиясы» т.б. қатарлы бірнеше өнер ұжымын және Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаевлы аға буын мен Димаш Құдайберген, Алмас Кишкінбаев, Әлішер Кәрімов секілді жастардың басын біріктіріп отырған үлкен ұйым Астананың 20 жылдығына орай ауқымды шараларды жоспарлап отыр.

«Бұл біздің «Қазақконцерттің» өзі дайындап, ұйымдастырып отырған іс-шаралар. Оның ішінде жыл сайын өтіп келе жатқан дәстүрлі өнер сайыстары да бар. Мысалы, «Астана кештері» өнер фестивалін айтуға болады. Біз Астананың тойына арнаған тартуымызды 6 шілдеден бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Дегенмен әзірге шет елден әнші шақыру немесе өзге елдің өнер жұлдызын әкелу жоспарымызда жоқ. Біздің басты мақсатымыз – еліміздің абыройын көтеріп, дәстүрін сабақтай білетін жастарына қолдау көрсету» - дейді Жеңіс Сейдоллаұлы.

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен еркін әңгімеде «Қазақконцерт» ұжымы «Қазақстан» орталық концерт залына экскурция ұйымдастырып, журналистерді елімізге танымал әйгілі ғимараттың көрнекті жерлерімен таныстырды. Кезесу соңында ұйымның баспасөз жетекшісі әрі қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі танымал ақын Жібек Болтанова әдемі әзілге құрылған арнауымен шығарып салды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер