BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қарағанды облысында 36 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін иеленді

Қарағанды облысы, Абай ауданының 36 отбасысы үшін Астананың мерейтойы ерекше болды. Осы мерекелік күні олар өздерінің жеке баспанасын иеленді. Жаңа пәтерлердің кілттерін қоныстанушыларға облыс әкімі Ерлан Қошанов табыстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінесілтеме жасап.

«Бірінші кезекте, барлықтарыңызды елордамыздың 20 жылдығымен құттықтағым келеді. Бұл тек астаналықтардың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың мерекесі7 Әр отбасы үшін ең бастысы – өзінің жеке баспанасы болғаны, ол – нағыз бақыт. Бүгінгі таңда біз, шынымен де Абайдың және жалпы ауданның тұрғындары үшін көптеген жұмыстарды жасап жатырмыз. Қаланың қалай гүлденіп келе жатқанын байқаған шығарсыздар деп ойлаймын. Бірінші кезекте біз тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік нысандарды салып жатырмыз. Жуырда ғана жүзу бассейнін іске қостық, қазіргі таңда белсенді түрде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, 100 орынға шақталған жатақхана салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ біз тұрғын үйлерді салуды жалғастыратын боламыз. «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында биылғы жылы екі үйдің құрылысы аяқталды, жәнеде алғаш рет тұрғындар өз баспанасына ие болды. Ал бүгін 36 қоныстанушыға кілттерін табыс етіп отырмыз. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын, жаңа үйлеріңіз бақытқа толы болсын. Абай ауданы гүлдене берсін», - деді аймақ басшысы.

Мердігерлердің айтуынша, екі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына бір жыл уақыт кеткен екен.

«Біз 2017-ші жылдың тамызының соңында жұмыстарымызды бастадық. Бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде 72 пәтері бар екі үйдің құрылысын аяқтадық. Бірінші үйге адамдар қоныстады., тұрғындар өз баспаналарын мамыр айында алды. Бүгін біз екінші үйді қолданысқа беріп, жаңа иелерге пәтер кілттерін табыс етіп жатырмыз. барлықжұмыстар 100 пайыз орындалды. Құрылыс барысын біз және Абай ауданы әкімдігі бақылап отырдық. Барлық материалдар – отандық өнімдер. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша шамамен 600 млн теңге жұмсалды. Үйлерде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар. Жақын болашақта маңындағы аумақты абаттандыратын боламыз, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады», - деді «ККК ЛТД» ЖШС коммерциялық директоры Иван Малюшенко.

36 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы – 2000 м2, пәтерлердің ауданы – 1904 м2.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер