BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінен кімдерді көре аламыз?

ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі – Астананың 20 жылдық мерейтойының аясында болатын елордалықтар мен қала қонақтарына арналған театр мерекесі. Осыған орай театр апталығының кестесін ұсынамыз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2018 жылдың 15 маусым күні сағат 15:00-де Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы, Қазақстан театрлары ассоциациясының вице-президенті, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров, театр сыншысы Йонас Вайткус (Литва), «Piccolo di Milano» театрының көркемдік жетекшісі Стефано Де Лука (Италия) қатарлы театр майталмандарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Маусымның 16-сы мен 28-і аралығында 12 мемлекеттен келген әлемдік театр ұжымдары фестиваль аясында өнер көрсетеді. Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен келген: «Piccolo di Milano» театры (Италия), «1927» театры (Ұлыбритания), «Meno Fortas» (Литва), «Warszawa» (Польша), Тәуелсіз интернационалды «11» театры (Германия), Ш.Руставели атындағы Грузия мемлекеттік академиялық театры (Грузия), «Бейжің халықтық көркем театры» (Қытай), Өзбек ұлттық академиялық драма театры (Өзбекстан), Ленсовет атындағы Санкт-Петербург академиялық театры, Мәскеу губерниялық театры (Ресей), Ш.Термичиков атындағы Шу облыстық театры (Қырғызстан) бар.

Отандық театрлар: М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық театры. Барлығы 17 спектакль.

Аталған іс шараның басты қонағы - Оскар сыйлығының иегері дүниежүзіне белгілі кино және театр актрисасы Жюльет Бинош.

Әйгілі қойылымдар «Қазақстан» орталық концерт залында, Холл Энергия, Бейбітшілік және келісім сарайында, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында және М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сахналады.

Фестивальға Асанәлі Әшімов (Қазақстан), Йонас Вайткус (Литва), Давид Асатиани (Франция), Беатрис Пикон-Валлен (Франция), Давид Папава (Ұлыбритания) сынды Еуропа мен Азияның кәсіби театр сыншылары мен драматургтері қатысады.

17 маусым күні сағат 16.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында театр фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Ауқымды іс шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен Қазақстан театрлары ассоциациясы өткізеді. Қызыл кілем үстінен жүріп өтетін театр және кино жұлдыздарынан сұхбат алу ұйымдастырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер