BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

el.kz сайты «Z қаласы» атты жаңа интернет-жобасын жүзеге асырады

«Qazcontent» АҚ Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен Астананың 20 жылдығына орай, «Z қаласы» атты интернет-жобасын көпшілікке ұсынбақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

20 жылдың ішінде бас қаламызда зәулім сәулет құрылыстары ғана бой көтерген жоқ, сонымен қатар астаналық менталитет пен қалалық мәдениет қалыптасты. Географиялық мекені ғана емес, тағдырының өзі Астанамен астасып кеткен жаңа астаналықтар буыны пайда болды. Күн сайын Астанаға түрлі қалалардан, әлемнің алуан елдерінен адамдар ағылып келуде. Астана барлығына да есігін айқара ашып, бірі үшін кешегісі мен болашағының қаласына айналса, бірі үшін өмірінің жаңа кезеңіне айналды.

«Z қаласы» жобасының кейіпкерлері – Астанаға бауыр басып, сіңісіп кеткен қарапайым адамдар, жергілікті тұрғындар. Олар күнделікті армандарын жүзеге асырып, қаланың гүлденуі мен дамуына үлес қосуда. Олардың әрқайсысы бақыт кілтін тауып, өз сүйікті ісімен айналысып, сүйікті қаласын мекен еткен. Жаңа жобамның әр сериясында нағыз астаналық кім? Оның құпиясы неде деген сұрақтардың жауабы табылады. Әр бейсенбі сайын Z қаласының ғажап тұрғындарын el.kz сайтында көре аласыздар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер