BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

«Burabay Summer Fest» халықаралық балалар байқауының іріктеу кезеңі басталды

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай «Burabay Summer Fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестивалі өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 22 маусым – 3 шілде күндері аралығында Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткізіледі. Фестиваль еліміздің барлық өңірлерінен дарынды балалар мен талантты жастарды анықтап, оларды жан-жақты қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту мен нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздің ұлттық өнері мен тарихына деген қызығушылықты арттыру, жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынасты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр», - деді Әбіл Жоламанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге 10-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Байқау «Вокалдық өнер» (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән), «Инструменталдық орындаушылық» (дәстүрлі өнер, классикалық өнер, эстрадалық өнер), «Хореографиялық өнер» (халықтық би, классикалық би), сондай-ақ «Көркемдік оқу» номинациялары бойынша өтеді. «Бейнелеу өнері» номинациясы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен бірлесіп өткізіледі.

«Фестивальге шетелдерден де балалар мен жасөспірімдер келіп қатысады. Бүгінгі күні бірқатар шетел мәдениет министрліктеріне хат жолданған. Олардың бірі Ресей, Түркия, Қытай, Беларусия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия елдері», - деп атап өтті өнер істері департаментінің директоры.

1 шілде күні Астана қаласында Гала-концерт өтіп, байқау нәтижесі жарияланады деп жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер