BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Ауғанстанда Астанның 20 жылдығы аталып өтті

Қазақстанның Ауғанстандағы Елшілігі Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ресми қабылдау ұйымдастырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.

Іс-шараға Ауғанстан мемлекеттік органдары өкілдерін қоса отыра 150-ден астам қонақ қатысты, олардың ішінде атқарушы билік басшысының бірінші орынбасары М.Хан, ауылды мекендерді дамыту министрі Моджиб уль –Рахмани Карими, коммуникациялар және ақпараттық технологиялар министрі Ш.Г.Ариеби, коммерция және индустрия министрі Хумайон Раса, ішкі істер министрі Ваис Бармак және есірткіге қарсы күрес министрі Саламат Азими бар.

Шақырылғандардың арасында президент әкімшілігі, үкімет аппаратының өкілдері, парламент депутаттары, сондай-ақ Қабылда орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, ғылыми және шығармашылық зиялылар, іскерлік топтар, қалың ауған қауымдастығы мен БАҚ өкілдері болды.

Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев өзінің сөзінде жиналғандарды әлемнің ең жас астанасының тұрақтану тарихымен, оның осы 20 жыл ішіндегі өнеркәсіп, құрылыс, инфрақұрылым, әлеуметтік жобалар және басқа да салалардағы жетістіктерімен таныстырып өтті.

Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметі бастама берген Астанада өткен және орын алып келе жатқан маңызды халықаралық әрі өңірлік форум мен конференцияларға, олардың ішінде ШЫҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ саммиттеріне, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне, Астана экономикалық форумынабасымдық жасады.

АИР үкіметі атынан сөз сөйлеген Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Адела Раз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана әрі данышпан басшылығымен Ауғанстан бойынша да бағдарлы және жауапты сыртқы саясат жүргізіп келе жатқан бауырлас және достас Қазақстанның ерекше рөлін атап өтті.

Осы орайда, ол екі ел көшбасшылары арасында қалыптасқан жылы әрі сенімді қатынастарын ерекше атап өтіп, Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғани туған күні Астана күнімен сәйкес келетін Қазақстан басшысы Н.Назарбаевты құтықтағандығын хабарлады.

Ол өз үкіметі атынан Қабылға Қазақстан тарапынан көрсетіліп келе жатқан үнемі қолдау мен жәрдем үшін алғысын білдіріп, Астанаға және жалпы Қазақстан халқына одан әрі гүлдену мен бейбіт аспан тіледі.

Шетелдіктер арасынан қонақтар да жоғары дәрежеде ұйымдастырылған қабылдау үшін алғыстарын білдіріп, Астананың Қазақстанның елордасы ретіндегі кезеңіндегі жетістіктері мен айтарлықтай өзгерістерін атап өтті.

Сондай-ақ, қабылдау алдында «Астана – бейбітшілік пен достық қаласы» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, оған АИР-дағы белгілі саясаттанушылар, сарапшылар және журналистер қатарынан 50-ден астам қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер