BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Астананың 20-жылдық мерейтойы шенеунiктер үшiн емес, халық үшiн жасалады — министр

Бүгiн ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев Астананың 20-жылдығы қалай тойланатынын және оған қанша қаржы бөлiнетiнiн айтты. Сондай-ақ, министр өңiрлердiң елордаға жасайтын сыйлықтары жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Биыл елордаға 20 жыл. Астана - елiмiздiң бетке ұстар қаласы, тәуелсiздiгiмiздiң бейнесi. 20-жылдық мерейтой шенеунiктер үшiн емес, елорда тұрғындары мен қонақтары үшiн жасалады. Бұл ең бастысы. Сондай-ақ, мереке бюджетi бiрнеше мемлекеттiк орган қаржысынан құралады. Бұл қазiр көбi айтып жүрген қандай да бiр несие емес, бұл бұған дейiн бөлiнген ақша. Сондықтан, менiң ойымша, бұл жерде ешқандай проблема болмауы тиiс. Тексерушi органдар кез келген уақытта шығындардың дұрыс жұмсалуын тексере алады», - дедi Абаев Үкiмет отырысынан кейiн берген сұхбатында.

Министр өңiрлердiң Астанаға жасайтын сыйлықтары жөнiнде де айта кеттi. Оның мәлiметiнше, елордада бой көтеретiн жаңа нысандар қала әкiмi үшiн емес, халық үшiн салынады. Және мерекеден кейiн де оның пайдасы тие бередi. Министр Самал шағын ауданы мен саябақ арасында салынатын көпiрдi мысалға келтiрдi.

«Сiздер (тiлшiлер - авт.) ақшаға көп басымдық жасап, осындай шаралардың мультипликативтi әсерiне ешқашан назар аудармайсыздар. Мысалы, инфрақұрылым сақталады, қала дамиды, бұның барлығы қала тұрғындары мен қонақтарына арналып жасалады, қаржының барлығы салық немесе түрлi шаралар түрiнде мемлекет қазынасына керi қайтады», - дедi Дәурен Абаев.

Министр Астананың 20-жылдығын атап өтуге 19 млрд теңгеге жуық қаржының жұмсалатынын айтты. Бұл қаражат түрлi бағдарлама мен түрлi мемлекеттiк органдар қаржысынан тұрады. Яғни, бұл жалпы сома.

«Жалпы, «өңiрлердiң Астанаға сыйлығы» деп айту дұрыс емес. Бұны өңiрлердiң бүкiл елдi дамытуға қосқан үлесi деп бiлу керек. Егер аймақтар наразылық бiлдiрiп жатса, олар нелiктен үлес қосқысы келмейтiнiн айтады деп ойлаймын. Ал, ШҚО-ның сыйлығы жайлы айтсақ, менiң ойымша, бұл бюджетаралық қарым-қатынас. Менiңше, бұнда проблема болмауы тиiс. Себебi, өздерiңiз бiлесiздер, белгiлi бiр төтенше жағдай зардабын жою кезiнде бүкiл ел көмекке келедi. Мысалы, Жамбыл облысы мен Қарағанды облысына бүкiл ел көмектескен едi. Бұны да осылай қарастыру керек. Бiз Астананың 20-жылдығы жоғары дәрежеде әрi аз қаржыға аталып өтедi деген сенiмдемiз», - дедi Абаев.

Сөз соңында ведомство басшысы халықтың жағдайын жақсарту үшiн елiмiзде 5 әлеуметтiк бастама iске асырыла бастағанын, бұған да қыруар қаржы бөлiнiп жатқанын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер