BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астаналықтар нағыз көшпенділердің өмірімен таныса алады

30 маусым мен 1 шілде аралығында Қабанбай ауылында «Көшпенділер әлемі» көшпенділердің ІІІ халықаралық этномәдени фестивалі басталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл фестиваль астананың 20 жылдығына орай атап өтілмек. Шараны «KazakhTourism ҰК» АҚ елорда әкімдігі мен Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастыруда.

Фестивальдің бағдарламасына кәсіби садақшылардың, көкпаршылардың, бүркітшілердің сайысы кіреді. Қонақтар алғаш рет сауыт-саймандары тарихи дереккөздерге негіздеп жасалған батырлардың көрсетілімдік жекпе-жегін тамашалай алады, сондай-ақ батырлардың шабандоздық және атпен шайқасу өнері көрсетілетін болады.

Фестивальға келгендер көшпенділердің тұрмысымен танысуға, қазақстандық қолөнершілерден мастер-класс алуға: киіз басу, былғарымен, күміспен, көзеші ұршығымен жұмыс істеуді үйренуге, көшпенділердің тарихымен Сақ, Қаңлы, Үйсін, Ғұн, Скиф, Сармат, Тиграхауда, Массагет дәуірлерінің костюмді көрсетілімі арқылы танысуға, бүркітшілердің шеберлігі мен аушы құстардың сұлулығына тамсана алады. Осылайша сан қырлы этномәдениетті сезініп, халықтың өмірі мен салт-дәстүрлері туралы жаңа біліммен өздерін байыта алады.

Бұдан бөлек, фестиваль қонақтарына әлемге танымал этно-музыка орындаушыларының қатысуымен музыкалық бағдарлама әзірленеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер