BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Астанаға қарап өзім де таңғаламын – Назарбаев

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін Астанада елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжіліс басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Кеше ғана жаңа елордаға көшкен сияқты болып едік. Міне, көзді ашып-жұмғанша жиырма жыл уақыт өтіп кетті. Биыл Астананың 20 жылдығын атап өтетін боламыз. Менімен бірге сол кезде бірінші келген қатарластарым, басқа да жастардың есінде болса, біз ен далаға келдік. Бұрынғы Ақмола қаласына келдік. Жаңа қаланың орнында мидай дала, еш нәрсе жоқ болатын. Қазір келе жатқанда қаланы көргенде өзім де таңғаламын осылай болғанына. Біз ата-бабаның арманын орындап, Сарыарқаның төрінде ел ордасы Астананы салып, ол астананы әдемілеп, дүниежүзін таңғалдырып, көршілерімізді қуантатын шаһарға айналдырдық. Қысқаша айтқан осы екі-үш сөйлемнің ішінде қыруар еңбек жатыр, күндіз-түні, аязда, боранда тынбай тірлік істеген құрылысшылар, монтажшылар, қаланың ішін өңдеген адамдар және біздің де көптеген еңбегіміз бар. Сондықтан, осы 20 жылдықты қалай өткіземіз деген мәселемен биыл жиналып отырмыз. Жылда қаланың істеген шаруасын осылай кеңесте ақылға салып, әрі қарай не істеу керек екенін ақылдасамыз», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Астананың алып шаһарға қалай айналғанына тоқталып өтті.

«Осы қысқа тарихи кезең ішінде елордамыз сәйкес инфрақұрылымы бар үлкен мегаполиске және түрлі маңызды шаралар өткізу арқылы әлем назарын өзіне аударған алып қалаға айналды. Сонымен қатар, қаламыз бейбітшілік пен келісім шаһарына айналды. Біздің елордамыз қала тұрғындарын, отандастарымызды, көршілерімізді қуантады деп санаймын. Америкалық танымал журналист Ларри Кингтің елордаға келген кезінде айтқан мына бір сөзі есіме түсіп отыр. Ол «бүкіл тарихта мемлекеттер қалаларды жаулап алып жатса, ал Қазақстан қала салып жатыр» деді. Бұл сөздер көп нәрсені айқындап тұр. Қаланы өз қолымызбен салғанымыз үшін біз қуанамыз, тамсанамыз. Бұл біздің халқымыздың жеңісі, Қазақстанның жеңісі және осы қаланы салып, кірпішін қалаған әрбір азаматтың жеңісі. Бірақ, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, одан әрі жұмыс жасайтын боламыз», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер