BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Астанада Уфа атындағы аллея пайда болады

Фото: РФ-дағы ҚР Елшілігі

Астанада Уфа атындағы аллея пайда болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінің сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін, 10 шілдеде, Уфа әкімшілігінің жедел отырысында қала басшысы Ирек Ялалов Қазақстанның елордасы Астанада Уфа атындағы аллея пайда болуы керек, деп хабарлады», - делінген хабарламада.

И.Ялаловтың айтуынша, «Астана мен Уфа – дос қалалар, сондықтанда онда осындай нысанның пайда болуы заңдылық.

«Астана – шетелдіктер көптеп болатын салмақты еуропалық орталық. Аллеяда Уфа белгісі орнатылады. Онда Уфа аралының пайда болатыны өте жақсы», - деді ол.

Атап өткендей, аллея ағымдағы жылдың қыркүйек немесе қазан айында пайдалануға берілуі мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер