BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астанада FOTOfest.KZ ІІ халықаралық фестивалі өтеді

Фото: Welcome To Astana

9-15 шілде аралығында өтетін мәдени шаралар кестесі жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындары мен қонақтары 9 шілде мен 15шілде аралығында «Астаналық», «Жерұйық», «Студенттер» саябақтарында сағат 12:00-16:00 аралығында Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Саябақтың жеті кереметі» атты қала саябақтарындағы іс-шара жалғасуда.

Тәуелсіздік сарайында 9 шілде сағат 10:00-18:00 «Astana Evolution» фотокөрмесі, 9-15 шілде сағат 10:00-18:00 «Жастар – Астана болашағы» атты Астана қаласының жастарымен бірлескен көрме, 9-29 шілде сағат 10:00-18:00 фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған фотокөрме, 12-29 шілде аралығы сағат 10:00-18:00 ҚР Өнер Академиясыныңқолданбалы және көркемсурет «Астана – арман қала»көрмесі және «Ақанаевтар әулеті» аттыжеке көрмесін тамашалай алады.

5-31 шілде сағат 10:00-де «Нұржол» бульварында «ASTANA AROUND US» елорда фотоөнерінің фестивалі өтеді. 10-30 шілде сағат 9:00-де «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңда «FOTOfest.KZ» ІІ халықаралық фестивалі өтеді.

13-15 шілде сағат 10:00-де «Алау» мұз сарайында Елорда күніне орай дәстүрлі үстел теннисінің фестивалі, 14 шілде сағат 15:00-17:00-де «Mega Silk Way» ОСО-да теннистен ҚР Президентінің Кубогы халықаралық турнир аясында шеберлік сабағы өтеді.

15 шілде сағат 10:00-11:30 және 17:00-19:00-де «Жерұйық», «Астаналық, «Президенттік», «Студенттік», Астана триатлон Астана қаласы саябақтарында «Fitness Park Astana» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар өтеді.

11 шілде сағат 19:00-де «Астана Опера» МОБТ «Viva L`opera» концерті (камералық зал), осы күні «Қазақстан» ОКЗ-да сағат 19:00-де «Мен Қазақпын!» атты Қуандық Рахымның концерті өтеді.

13 шілде сағат 19:00-де «Қазақстан» ОКЗ Нұрболат Абдуллиннің «Вальс» атты жеке концерті өтеді.

14 шілде сағат 11:00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Г.Х.Андерсен «Дюймовочка», ертегі, осы күні сағат 18:00-де К. Людвиг «Примадонны» комедиясы қойылады.

14-15 шілде сағат 12:00-де және 14:00-де Қуыршақ театрында А.Салаеваның «Байқа жолда, балақай» ертегісі қойылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер