BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Астана көшелері мен саябақтарына гүлдің 80 түрі отырғызылады

Биыл Астанада 20 мыңға тарта ағаш пен бұта отырғызылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жазда елорда көшелеріне піл, қыран, барыс, аққу және керік сияқты жануарлардың мүсіндері - жаңа фигуралар сән береді.

2018 жылы «Астана-Жасылқұрылыс» АҚ жұмысшылары 5 млн-нан астам көшет егуді жоспарлап отыр. Олардың ішінде шырайгүл, тагетис, кербезгүл, абелия, үлпек, сальпиглоссис сияқты біржылдық гүлдердің 50 түрі бар. Мұнымен қоса, қала көгалдарында айылқияқ, сарана, раушан сияқты көпжылдық гүлдердің 30-дан астам түрі отырғызылады.

Сондай-ақ, Астанада ала лента түріндегі көпжылдық гүлдерден, бұталар мен раушандардан өрілген сан алуан гүлзарлар – миксбордерлер жасалады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер