BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматыда Астана күніне арналған велошеру өтті

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткен бұл мерекелік велошеруге 400 жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиналған спорт сүйер қауымды ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтармен марапаттады. Астана күніне орай барлық қатысушыларға Hawaii және Miami аквапарктеріне сертификаттар мен Funky Town & World ойын-сауық ораталықтарына арнайы купондар берілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды. Басты сыйлық – 4 велосипед және электросамокат.

"Былтырғы жылдан бері жексенбілік велошерулерге үнемі қатысамын. Спортпен кәсіби түрде шұғылданбасам да, салауатты өмір салтын ұстануға тырысамын. Бұл жақсы көңіл-күй мен мықты денсаулықтың кепілі. Бүгінгі велосипед бірінші ұтысым, өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз! Мереке күні барша қазақстандықтарға тілерім – ашық аспан, Астанамыз көркейе берсін, әрбір отбасыға береке мен бақыт тілеймін!" – дейді жеңімпаз Екатерине Алексеевна бөлісті.

Сондай-ақ, велошеру «Challenge. Сенің жаңа қырың!» жобасы аясында финалдық бұқаралық жаттығуымен жалғасты. Жобаның қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

"Біздің команда «Challenge. Сенің жаңа қырың!» жобасын қолдады және «Ең спорттық команда» номинациясын жеңіп алдық. 21 күн бойы біз өз жаттығуларымызбен әлеуметтік желілерде бөлісіп, басқа адамдарды ынталандыруға, спортқа баулуға тырыстық және кері байланыс та алдық, бізге қоңырау шалушылар мен ризашылығын білдірген жұртшылық көп болды. Бұл өте қуантарлық жағдай. Күн сайын спортпен шұғылданыңыз! Салауатты өмір салтын ұстаңыздар! – дейді «Спорт Без Границ» тобының мүшесі Данияр Базарбек.

Бұл қозғалыстың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты қолдау және оларды спортқа баулу.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, «Challenge. Сенің жаңа қырың!» жобасына шамамен 10 мың адам қатысып, нәтижесінде 16 жеңімпаз анықталған болатын.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің тоғызыншысы. «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер