BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматы облысында Астана күндері өтеді

Елордалық артистердің еліміздің бас қаласының 20 жылдығының құрметіне Қазақстанның қалалары бойынша үлкен гастрольдік туры жалғасуда. 16 қыркүйекте Астананың күндері Талдықорғанда басталады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Кешке музыка өнерін бағалаушылар үшін нағыз тосын сый жасалады – Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің «Ұлы дала әуендері» атты концерті. Бағдарлама аясында Шуберттің, Гайднның, Бродиннің, Жұбановтың, Жайымовтың, Тәттімбет пен Құрманғазының шығармалары орындалады. Концерт сағат 19.00-де басталады.

Келесі күні осы залда Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы ұжымдарының қатысуымен «Астанадан ақ тілек» концерт өтеді. Атап айтқанда, «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы, эстрадалық би, «Шалқыма» би ансамбльдері, сондай-ақ классикалық, эстрадалық вокал және халық ән бөлімі солисттері өз өнерлерін көрсетеді.

18 қыркүйек күні сағат 19.00-де Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі және халық ән бөлімі солистерінің қатысуымен «Жыр атасы – Қабан жырау» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылады.

Екі күннің ішінде Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының сахнасында М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының артистері өз қойылымдарын көрсетеді. Репертуар ересектерді де, балаларды да қуантады.

18 қыркүйек 19:00-де көрермендер тариxтағы әйгілі Парсы ханы Кир мен сақтардың шайқасын тамашалай алады. Қазақ xандығының құрылуына 550 жыл толуына арналған қойылым нәзік жанды,төзімді әйел және өз xалқының азаттығы үшін бәріне дайын ержүрек жауынгер-ана Томирис патшайым жайында баяндайды. Драманың қоюшы режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Тарлан" премиясының лауреаты Гүлсина Мерғалиева; қоюшы-суретші - Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» Қанат Мақсұтов.

Астаналықтар жас көрерменге А.Анатольевтің «Снежная королева» ертегісін көрсетеді. Ганс Христиан Андерсен жазған ертегідегідей батыл Герда бауыры Кайды жауыз сиқыршыдан құтқару үшін көп сыннан өтеді. Басталуы 19 қыркүйек сағат 11.00.

Соңғы гастрольдік кеште Горький театрының өкілдері талдықорғандықтардың назарына К.Людвигтің «Примадонны» комедиясын ұсынады. ҚР Еңбек сіңірген әртісі, режиссер Бекболат Пармановтың және қоюшы-суретші Қанат Мақсұтовтың қойылымы байлар әлемінің құпиялары мен шытырманы жайлы әңгімелейді.

Үш күн бойы Көркемсурет галереясында таңғы сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін «Ақ тілекпен, Астана» көрмесі жұмыс істейді. Экспозицияға отандық суретшілердің 100-ден аса туындысы шығарылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер