BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

ABU бас хатшысы Астананы мерейтойымен құттықтады 

Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы (ABU) бас хатшысы Астананы мерейтойымен құттықтады. Бұл жөнінде одақтың бас хатшысы Джавад Моттаги Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұл менің Астанаға екінші рет келуім. Алғашқы рет 2004 жылы таңертең Астанада болып, кешке Алматыға қарай жол жүріп кеткенмін. Бүгін көріп отырғанымдай, қалада ауқымды өзгерістер орын алған. Сіздердің қалаларыңыз өте әдемі және ол қарқынды өсіп келе жатыр. Әрине, бұл қаладағы ең маңыздысы – бұл адамдар. Адамдар мемлекет үшін бағалы ресурс болып табылады. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, Астана қаласының 20 жылдығымен сіздерді құттықтағым келеді», - деп жылы лебізін білдірді шетелдік қонақ.

Сонымен қатар, Джавад Моттаги Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы (ABU) мен Қазақстан арасындағы әріптестікті оң бағалады.

«ABU мен Қазақстан арасында өте жақсы әіптестік бар. Сондай-ақ, алдағы күндері Қазақстанда ABU ұйымының үш ірі жобасын өткізу арқылы біз арадағы әріптестік пен қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, дамыта түсеміз деген сенімім бар. Бұл үш шараны атап өтсем, олар – Азия елдеріндегі радио, Әндер фестивалі және MEDIA – 2020. Бұл Астана шығыс пен батыстағы медиамамандар арасындағы диалогты талқылап, оны нағайту орны екенін білдіріп отыр. Оған қоса, бұл шара Қазақстандағы медианы дамыту бойынша ірі істерді қолға алудың оң бастамасы. Сіздерде мүмкіндік өте көп, елдеріңіз өте көрікті. Сіздер тек Орталық Азияға ғана емес, бүкіл өңірді дамытуға өз үлестеріңізді қоса алар едіңіздер», - деді одақтың хатшысы.

Еске сала кетсек, алдағы күндері елордада өтетін Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы аясындағы форумға шетелдік ұлттық және аймақтық хабар тарату бірлестіктерінің 100-ден аса өкілі қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер