USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы - 1

Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер.

Ұлық болсаң – кішік бол.

***

Бір елі ауызға –

Екі елі қақбақ.

***

Сырлы аяқтың сыры кетсе де,

Сыны кетпейді.

***

Жақсы адамның жасын сұрама,

Жақсы атты тісін қарама.

***

Сабыр түбі сары алтын.

***

Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны алады.

***

Көн қатса, қалпына барады,

Көпке түскен іс анығына барады.

***

Келінім, саған айтам,

Қызым, сен тыңда.

***

Тауда туған құлынның

Екі көзі таста,

Ашаршылықта туған баланың

Екі көзі аста.

***

Бала тәрбиесі – бесіктен.

***

Өзек қуа ағады,

Өзен судың саласы.

Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы.

***

Қайтып кірер есікті

Қатты серппе.

***

Су ішкен құдығыңа түкірме!

***

Өтірікші алдымен

Өзін алдар.

***

Тек жүрсең,

Тоқ жүрерсің.

***

Алдыңғы көш қайдан жүрсе,

Соңғы көш соңынан жүрер.

***

Қарағайға қарап тал өсер,

Құрбысына қарап бала өсер.

***

Ұлың өссе,

Ұяттымен ауылдас бол,

Ұлың өссе,

Қылықтымен ауылдас бол.

***

Ауру қалса да,

Әдет қалмайды.

***

Балаға байқап сөйлесең,

Ақылыңа көнер,

Байқамай шайқап сөйлесең,

Көрсетер бір «өнер».

***

Аңдамай сөйлеген

Ауырмай өлер.

***

Өлімнен ұят күшті.

***

Тасты бассаң, кетілер,

Сазды бассаң, жетілер.

***

«Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

***

Баланы жастан,

Келінді бастан тәрбиеле!

***

Сумен ойнама, батарсың,

Отпен ойнама, жанарсың.

***

Ойнақтаған бота

От басады.

***

Ойыннан от шығар.

***

Әзілің жарасса,

Атаңмен ойна.

***

Еркенің көзі кетпес,

Жорғаның тері кеппес.

***

Алдияр,

«Алдияр» десең, дандияр.

***

Есіктен орын тапсаң,

Төрге озба.

***

Ұялмаған бұйырмағанды ішер.

***

Бар, барын жейді,

Ұятсыз арын жейді.

***

Ұялған сыбағасынан құр қалар.

***

Әлін білмеген – әлек.

***

Мыңның түсін танығанша,

Бірдің атын біл.

***

Жасыңда көндігерсің,

Көндігерсің де,

Жөндігерсің.

***

Балапан басымен,

Тұрымтай тұсымен.

***

Атпаз көрген ат таныр,

Ұстаз көрген хат таныр.

***

Өзін-өзі мақтаған –

Өлімнің қара басы.

***

Көре тұра айтпасаң,

Көргенсіз дер,

Біле тұра айтпасаң,

Жетесіз дер.

***

Ұялған тек тұрмас.

***

Ұлға отыз үйден тыю,

Қызға қырық үйден тыю.

***

Жасыңда қалжың болсаң,

Өскенде мылжың боларсың.

***

Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар,

Бәрінен де қой бағып,

Қозы өсірген озар.

***

Алмақтың да салмағы бар.

***

Бәлелі жерді баспа,

Басыңа түссе, саспа.

***

Ашу – дұшпан, ақыл – дос,

Ақылыңа ақыл қос.

***

Тар жерде табысқан,

Кең жерде көріседі.

***

Жолдас болсаң қуға,

Басыңды салар дуға.

***

Қашпақ болсаң, зымыра.

***

Талап – талмас қанат.

***

Есік көргенді алма,

Бесік көргенді ал.

***

Іздеген мұратына жетеді.

***

Жаны сұлудың

Тәні сұлу.

***

Ақымақтың ала-құласы болмайды.

***

Опаға барған – ағарар,

Жосаға барған – қызарар.

***

Еркенің көзі жасты,

Етегін бұзау басты.

***

Қарыстан сүйем жуық.

***

Жарылғанды жау алады,

Бүлінгенді бөрі жейді.

***

Кемеңгерден кеңес шығар,

Кер кеткеннен кейіс шығар.

***

Есерден ерке жаман.

***

Үміттің оты сөнбейді.

***

Мың асуға – бір тосу.

***

Көрмес

Түйені де көрмес.

***

Ақыл – ауыздан,

Мерей – көзден.

***

Әркім сүйгенінің құлы.

***

Жығылып жатып,

Сүрінгенге күлме.

***

Қолы ұста адамның

Қойнында алтын бар.

***

Алтын тапсаң, санап ал.

***

Еңкейгенге еңкей,

Атаңның қара құлы емес,

Шалқайғанға шалқай,

Пайғамбардың ұлы емес.

***

Сыйға – сый, сыраға – бал.

***

Буынсыз жерге пышақ ұрма,

Қисынсыз жерге қолыңды сұқпа.

***

Таспен ұрғанды

Аспен ұр.

***

Шапшаң жүрсең,

Шаң жұқпас.

***

Алдыңа келсе,

Атаңның құнын кешір.

***

Көңілсізден күлкі шықпас.

***

Сүтпен кірген мінез

Сүйектен кетеді.

***

Үндемеген

Үйдей бәледен құтылады.

***

Ұлың өссе,

Ұлы үлгілімен ауылдас бол.

Қызың өссе,

Қызы үлгілімен ауылдас бол.

***

Тігілмеген етігіңді мақтама,

Орылмаған тарыңды ақтама.

***

Бетегеден биік,

Жусаннан аласа.

***

Жақсы келін – қызыңдай,

Жақсы күйеу – ұлыңдай.

***

Жанған от – тәнді жылытады.

Жақсы сөз – жанды жылытады.

***

Жоқ болсаң – жасыма,

Тоқ болсаң – тасыма.

***

Ақымақтан арқан бойы алыс жүр,

Тұрлаусыздан тұсау бойы алыс жүр.

***

Ақпейілдің аты арып, тоны тозбас.

***

Жеңіс желек

Жел шақырып тұрады.

***

Биік ағаш бұрын құлайды.

***

Сұраған алады,

Іздеген табады.

***

Көшуден бұрын,

Керуен басыңды сайла.

Қарыз алудан бұрын,

Береріңді ойла.

***

Сағырдың ақысын жеме.

***

Бақ келерінде,

Ер ентелей басып ағысады.

Бақ қайтарында,

Ер маң-маң басып мағысады.

***

Кішіпейіл болғанмен,

Кішірейіп кетпейсің.

Өр көкірек болғанмен,

Ұлылыққа жетпейсің.

***

Болатын жігіт епшіл,

Болмайтын жігіт кекшіл.

***

Тәуекелдің түбі – игі.

***

Атаңа не қылсаң,

Алдыңа сол келеді.

***

Жемісті ағаш жер бауырлап өседі,

Жетелі жігіт ел бауырлап өседі.

***

Біреудің қолымен от көсеме.

***

Өнерлі баланың он саусағы тең,

Өнерсіз баланың бір саусағы кем.

***

Тең құрбыңнан кем болсаң,

Көрінгенге жем боларсың.

***

Абырой қонар жігітке

Ажалды қоян тап келер.

***

Жұпары бар жігіттің

Жанында жүр,

Жұтары бар жігіттің

Малында жүр.

***

Тәрбиелі кісі –

Қант қосқан жармадай,

Тәрбиесіз кісі –

Шаң боратқан арбадай.

***

Ұят жүрген жерде

Абырой төгілмейді.

Абырой бар жерде

Ар шапаны сөгілмейді.

***

Отың жанбаса – қорлық,

Құсың алмаса – қорлық.

***

Жаз киімін қыс киіп,

Жарлы қайдан байысын,

***

Әдепсіз бала

Ауыздықсыз атпен тең

Ақылды қария

Жазып қойған хатпен тең.

***

Сыйластық екі жаққа бірдей.

***

Пасық адам белгісі:

Өзі бола алмайды,

Болғанды көре алмайды.

***

Ақшаңнан айрылсаң,

Өкінерсің, күйінерсің.

***

Арыңнан айрылсаң,

Қайтып тірі жүрерсің.

***

Бейбас балаға күле қарасаң,

Бас киіміңді ала қашады.

***

Қолағашың мықты болса,

Киіз қазық жерге кірер.

***

Баланы жұмсасаң,

Артынан өзің барарсың.

***

Жігітті – сын шыңдайды.

***

Тонының жылылығын иесі біледі.

Көсеуі қысқаның қолы күйеді.

***

Не жоқ болса, сол қат.

***

Зор шортан шапса,

Қармағыңды әкетеді.

Зормен ұстассаң,

Бармағыңды әкетеді.

***

Жас жастың тілегі бір.

Жібектің түйіні бір.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады