USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Еңбек пен кәсіп туралы

Фото: arhar.kz

Еңбек пен кәсіп туралы мақал-мәтелдер.

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

***

Бейнет,

Бейнет түбі – зейнет.

***

Еңбек етсең – емерсің.

***

Рахат түбі – кейіс,

Бейнет түбі – кеңіс.

***

Ер дәулеті – еңбек.

***

Келген дәулет,

Кеткен бейнет.

***

Ер еңбегіне бір тойсын.

***

Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

***

Қолы қимылдағынның

Ауызы қимылдар.

***

Еңбегіне қарай, өнбегі.

***

Жас кезімде бейнет бер

Қартайғанда дәулет бер.

***

Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.

***

Еңбек ет те, міндет ет.

***

Көп еңбегі – көңілді.

***

Еңбегің сайлы болса,

Ішің майлы болар.

***

Еңбек ет те мақтан,

Ойнап-күл де шаттан.

***

Еңбек – ширатады,

Өмір – үйретеді.

***

Кетпен шауып өлгем жоқ,

Кемтаршылық көргем жоқ.

Таңмен таласа тұрғанның

Талай ісі бітеді.

Тал түске дейін жатқанның

Талай ісі кетеді?

***

Еңбек пен бақыт егіз.

***

Еңбеккер

ұйқыдан ширап тұрады.

Еріншек

ұйқыдан қирап тұрады.

***

Рысты еңбек етіп,

Жерден сұра,

Жерге аққан ыстық,

Мөлдір терден сұра.

***

Еңбек деген байлық бар,

Ерінбеген жететін.

Жоқшылық деген жебірді

Жермен-жексен ететін.

***

Еңбекпен ер өседі,

Егізден төл өседі.

***

Елің сені елесе,

Еңбегіңнің жанғаны,

Елің сені шенесе,

Көз қырына алғаны.

***

Мал өсірсең мол өсір,

Кеңейтеді пейіліңді.

Еңбек етсең – көл көсір

Қандырады мейіріңді.

***

Еңбек ет те, егін ек,

Жарымасаң маған кел.

Белді бу да бейнет қыл,

Байымасаң маған кел.

***

Еңбекте қорлық жоқ,

Шындықта зорлық жоқ.

***

Еңбектен алғанның бүйірі шығады,

Кісіден алғанның екі көзі шығады.

***

Еңбек түбі – қуаныш,

Сауда түбі – реніш.

***

Еңбегіне қарай – құрмет,

Жасына қарай – ізет.

***

Халық – қазы,

Еңбек – таразы.

***

Екі көзің ойнаса,

Жақұт емей немене?

Екі қолың ойнаса

Бақыт емей немене?

***

Еркін еңбек –

Баршаны жеңбек.

***

Еңбек – өмірді ұзартады,

Ұят бетті қызартады.

***

Жер – өмірдің бесігі.

Еңбек – ердің несібі

Еңбек еткен –

Мұратқа жеткен.

***

Кедейлік кетсін десең, еңбек ет.

Молшылық жетсін десең, еңбек ет.

***

Еңбек етсең – еленерсің,

Еңбегіңе кенелерсің.

Есің жиып, етек жауып,

Елге жетіп теңелерсің.

***

Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

***

Көндікпесең бейнетке,

Қолың жетпес зейнетке.

***

Алтын әзәзіл – аздырар...

Адал еңбек – бойыңды жаздырар.

***

Қатты жерге қақ тұрар,

Қайратты ерге бақ тұрар.

***

Ерте тұрған жігіттің

Ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің

Бір ісі артық.

***

Көз қорқақ

Қол батыр.

***

Жүйесін тауып, жұмыс қыл.

Жерін тауып, тыныс қыл.

***

Күшіңе сенбе,

Ісіңе сен.

***

Өзен жағалағанның

Өзегі талмас.

***

Түйменің инесіз күні жоқ.

***

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,

Бітірген ісін сұра.

***

Елге қылған жақсылық,

Еленбей қалмайды.

Еңбек еткен ерінбей –

Кенелмей қалмайды.

***

Ергенек болмаса,

Есік тұра ма?

Еңбеккер болмаса,

Несіп тұра ма?

***

Отты үрлеген жағады.

Шындықты іздеген табады.

***

Бір еңбектің – бір рахаты бар.

***

Көңілсіз жұмыс – өнімсіз.

***

Ерінген екі істейді.

***

Қалған іске – қар жауар.

***

Жұмысы жемістінің –

Өмірі келісті.

***

Сөзі – аз,

Ісі – саз.

***

Даярға – аяр.

***

Жақсы болар жігіттің

Жұмыссыз жүрген күні жоқ.

Жаман болар жігіттің

Еш жұмысқа қыры жоқ.

***

Бал ұстаған бармағын жалар.

***

Ынта болса адамда

Қиын іс жоқ ғаламда.

***

Әрекет болмай – берекет жоқ.

Еңбексіз – рахат жоқ.

***

Еңбек – ырыстың бұлағы,

Еңбек – бақыттың шырағы.

***

Ерінбей еңбек істесең –

Етек-жеңің кеңейер,

Етек-жеңің кеңейсе,

Терезең жұртпен теңейер.

***

Үдере көшкен уығын сындырады,

Жұмыла жұмыс істеген

Жұмысты тындырады.

***

Ерінбей еңбек етсең –

Ерінің асқа тиеді.

Ерініп ілбіп кетсең,

Иегің тасқа тиеді.

***

Құрыш қайрат,

Құрылыста шынығар

Ісін сүйген,

Істей жүріп тынығар.

***

Сүйіп істеген іс –

Шаршатпайды.

***

Қолыма жұмыс бергенің –

Жаныма тыныс бергенің.

***

Оң қолым, сол қолым,

Екеуі де өз қолым.

***

Жарлы білегіне сенеді

Жігіт жүрегіне сенеді.

***

Еңбек істегеннің еті «ауырады»,

Жаны сауығады.

***

Еңбегіне қарай табысы,

Ерлігіне қарай дабысы.

***

Күшің барда істе!

Тісің барда тісте!

***

Жаман іс жоқ.

***

Күншілдің

Күні кеш,

Еңбегі еш.

***

Жақсы сөз – жан азығы,

Жақсы еңбек – ырыс қазығы.

***

Жұмыла істеген іс жеңіл.

***

Біткен іс – піскен жеміс.

***

Жақсы жұмыстан

Жан рахат алады.

Жаман жұмыстан,

Көңіл қалады.

***

Жұмыс қылып бой түзе,

Өнер қуып ой түзе.

***

Еңбексіз – өмір тұл,

Ойсыз – көңіл тұл.

***

Өзі ірі, еті тірі, жаны сірі –

Жұмыстың пірі.

***

Екі жалқау – елге сыймас.

***

Еңбегі аздың өнбегі аз.

***

Еңбегі ештің

Күні – кеш.

***

Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.

***

Шапқан озар, жатқан тозар.

***

Еңбектің наны тәтті.

Жалқаудың жаны тәтті.

***

Істеу қиын, сынау оңай.

***

Еңбек адамды бүтіндейді,

Жалқаулық адамды түтіп жейді.

***

Ер тынысы – еңбек,

Ез тынысы – ермек.

***

Есті бір өледі,

Еріншек мың өледі.

***

Жалқауға жатса да – мейрам,

Тұрса да – мейрам.

***

Берекесіз бейбақтар

Терлеп еңбек етпейді.

Терлеп еңбек етпеген

Тілегіне жетпейді.

***

Кедейлік жаны тәтті жалқауға үйір,

Еңбек ете білмейтін, аңқауға үйір.

***

Жалқаудың жұмысы өнбейді.

Жаяудың жүрісі өнбейді.

***

Аузымен астау шапқан

Қолымен жаңқа жара алмас.

***

Еңбектен қашпа,

Ырысыңды шашпа.

***

Ез – езер,

Езерден ырыс безер.

***

Іңірден жатқан – ырыссыз қалады.

***

Маңдайы терлемегеннің

Қазаны қайнамайды.

***

Ертең-ертең деумен,

Еріншек өлер.

Көрінгенге жем болып

Көңілшек өлер.

***

Аңқау алдырар,

Жалқау қаңғырар.

***

Тауық құс емес,

Жалқау кісі емес.

***

Ақымақ күлкіге тоймайды,

Жалқау ұйқыға тоймайды.

***

Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.

***

Еріншектің егіні піспес.

***

Еңбексіз ел кезгенің –

ар-ұяттан безгенің.

***

Қырқына шыдаған

Қырық біріне де шыдайды.

***

Аттың сүріншегі,

Жігіттің еріншегі жаман.

***

Саудың асын ішіп

аурудың ісін істейді.

***

Уақытыңның босқа өткені –

өміріңнің бос кеткені

***

Еріншекке есік пен төр –

екі күндік жер.

***

Еңбегің болмаса,

Елге өкпелеме.

Ықтасының болмаса,

Желге өкпелеме.

***

Еріншектің ертеңі бітпес,

Жеңілтектің селтеңі бітпес.

***

Опасызбен дос болма,

Еріншекпен қос болма.

***

Жалқау – жарты кісі.

***

Жалқау жатып ішер,

Отырып ұйықтар.

***

Еңбекке ебі жоқтың,

Елдікке себі жоқ.

***

Жемісті жұмыс

Жаныңды тындырады.

Сауыққұмарлық

Сағыңды сындырады.

***

Ақпаса, су бұзылады.

***

Сөзге көп – іске жоқ.

Ұқсас сілтемелер:
02 Желтоқсан 2016, 15:23
Егіншілік туралы - 2
02 Желтоқсан 2016, 15:07
Егіншілік туралы - 1
02 Желтоқсан 2016, 13:42
Жапон халқының даналығы
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады