USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Ақылды қария – ағынды дария

Фото: вконтакте

Ақылды қария – ағынды дария

Кәрінің бары – игі.

***

Жақсы адам қартайса,

Жазып қойған хаттай,

Жаман адам қартайса,

Бықсып жанған оттай.

***

Отырса – от басында

Көшсе – көш басында.

***

Сексенде сегіз байлық,

Сегіз жарлылық.

***

Есік алдында төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең.

***

Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен тең.

***

Шөп те басынан қурайды.

***

Өсетін елдің қарты

Қазына болар.

Өспейтін елдің қарты

Қазымыр болар.

***

Өмір қартайса да,

Көңіл қартаймайды.

***

Асырын асаған,

Жасырын жасаған.

***

Кәрі жатса – қунайды,

Жас жүрсе – қунайды.

***

Елу шылбырдан алды,

Алпыс тізгіннен алды,

Жетпіс өре салды,

Сексен – тұсау салды,

Тоқсан – толқып қалды.

***

Ат қартайса – ұрыншақ,

Ер қартайса – жаңылшақ.

***

Сақалға ақ түсті –

Көңілге дақ түсті.

***

Көп жасаған

Құрдасынан айрылады.

Жұғымы жоқ –

Жолдасынан айрылады.

***

Атасыз үй – батасыз,

Анасыз үй – панасыз.

***

Сексен – жермен жексен.

***

Аға – бор,

Іні – тас.

***

Су ағады, тас қалады,

Кәрі кетеді, жас қалады.

***

Қатарынан қалған кәрі жетім.

***

Қарты бардың жұрты бар,

Кемпірі бардың құрты бар.

***

Қарттың айтқанын істе,

Жастың тапқанын же.

***

Көрген, көргенін істейді,

Көсеу түткенін істейді.

***

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

***

Көп жасағаннан сұрама,

Көпті көргеннен сұра.

***

Кәрі – қалтаң,

Жас – жалтаң,

Жас келсе – іске,

Кәрі келсе – асқа.

***

Әзілің жарасса,

Атаңмен ойна.

***

Жасыңда жалықпасаң –

Қартайғанда тарықпайсың.

***

Бүгінгінің құрдасынан

Көп сөйлеген жолдасынан айрылады.

***

Ағадан – ақыл,

Атадан – нақыл.

***

Өткен өмір –

Өшкен көмір.

***

Алпысқа келгенде

Алты ағаң болсын.

Жетпіске келгенде

Жеті інің болсын.

***

Қарты бар елдің

Қазынасы бар,

Қызы бар елдің

Базынасы бар.

***

Үлкен пышақ,

Ұялғаннан өтеді.

***

Алпыс – дер шағы,

Жетпіс – мәр шағы,

Сексен – жер шағы,

Тоқсан – шер шағы,

Жүз – қор шағы...

***

Шалды шақыр, асыңа келсін,

Шалдығына күл, басыңа келсін.

***

Алтыға дейін бала ерке,

Алпыстан кейін шал ерке.

***

Жасында байқары жоқтың,

Жасы жеткенде айтары жоқ.

***

Қартайдым деп, қайырма,

Жас бала бар артында.

Жалғызбын деп қайырма,

Жақсылар бар артында.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады