BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ұлы Отан соғысы кезінде түсірілген алғашқы 20 сурет (ФОТО)

 АСТАНА. 23 қаңтар. BAQ.KZ - 1941 жылдың 22 маусымы – біздің тарихымыздағы ең қайғылы күн, Ұлы Отан соғысының басталған уақыты. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бүгінгі күні адамзат баласы соғыстың алғашқы күндерін күрсіне еске алады. Осы күндерді кеңес және неміс, ағылшын фотографтары түсіріп алған екен. Түрлі мұрағаттарда сақталып, кейіннен басылым беттерінде жарық көрген фотографтардың суреттерінен арнайы фоторепортаж ұсынамыз. 

 

 

1941 жыл, 22 маусым. Кеңес халқының соғыс басталғаны туралы хабарды естіп тұрған сәті. 

 

Мәскеу тұрғындары соғыс басталғаны туралы хабарды тыңдауда. 22 маусым, 1941 жыл. 

 

Үрейге толы алғашқы күн. 

 

Владивосток тұрғындары соғыстың басталғаны туралы хабарды орталық радиодан тыңдап тұр. 

 

Бомбадан бойтасалаған балалар. 

 

Соғысқа шығарып салу. 

 

Неміс әскерлерінің КСРО шекарасына басып кірген сәті. 

 

Соғыстың басталуына 2 күн қалғанда түсірілген сурет. Кеңес солдаты шекара бекетінде қарауылда жүр. 

 

Кеңес жерінде қаза тапқан алғашқы неміс жауынгерлері.

 

КСРО мен Польша шекарасы. 22 маусым, 1941 жыл. Неміс әскерлерінің Сан өзені арқылы өтетін көпірді басып алған кезі. 

 

КСРО мен Польша шекарасында соғыстың бірінші күні тұтқынға түскен кеңес әскерлері. Сан өзені маңайы. 

 

Неміс әскерлерінің КСРО жерінен қазған алғашқы окоптары. 

 

Псков маңындағы босқындар. 22 маусым, 1941 жыл.

 

Неміс әскерлері КСРО жеріндегі алғашқы селоны өртегендеріне масаттануда.  

 

Соғысқа аттанушылар митинг ұйымдастырып тұр. 22 маусым, 1941 жыл. Ленинград қаласы. 

 

Ленинград тұрғындары соғыс туралы қабырға (көше) газетін оқып тұр. Соғыстың алғашқы күндерінде түсірілген сурет.

 

Кеңестік босқындар танк маңайын тасалап жүр. 

 

 Соғыстың екінші күні. "Орақ пен балға" зауытының жұмысшылары митингі ұйымдастыруда. 

 

Актер И. В. Ильинский Мәскеудегі Кіші театр қызметкерлеріне қорғаныс тәсілдерін үйретуде. 

 

Отан қорғауға аттанған алғашқы жауынгерлер. 

 

Дайындаған Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

 

Материалды дайындау барысында pravmir.ru, svpressa.ru, bosonogoe.ru сайттары мен ТАСС жариялаған фотосуреттер пайдаланылды.

 

 

 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер