BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Тоңазытқыш, керамика, шыны: Қазақстан-Қытай жүк тасымалы артып келеді

Фото: Гүлжан Раманкулова

Чэнду – Сычуань провинциясының орталығы. Бұл қалада орналасқан Халықаралық теміржол жүк порты арқылы Қазақстанға және Қазақстаннан кіріп-шыққан жүктің жалпы көлемі 33,4 тонна, 2518 контейнер, ал сомасы 120 млн долларға жетті, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Статистикаға сүйенсек, 2017 жылдың басында Қытайдың Чэнду қаласындағы Халықаралық теміржол жүк порты Орталық Азияға 2017 жылдың басынан бастап 194 құрам, 3802 контейнер жөнелтілген. Бұл мәліметтерді Қазақстаннан Қытайға пресс-турға барған журналистерге порттың сервистік орталығының қызметкері Тань Дань айтып берді.

Гүлжан Раманкулова

«Негізінен импорт пен экспортты мұздатқыш камералары, тоңазытқыштар, тоқыма машиналары, майлар, доңғалақтар, пальма майы, керамика, шыны және эскалатор құрап отыр. Жүк Қазақстанның Алматы, Шымкент, Жетісу, Қызылорда, Ақтөбе, Өскемен және Қостанай қалаларына жеткізіледі», - деді Чэнду қаласы Халықаралық теміржол порты сервистік орталығының қызметкері Тань Дань.

2018 жылдың қаңтарынан бастап тамызына дейін Орталық Азияға 40 құрам, 1080 контейнер, оның ішінде Қазақстанға және керісінше елімізден 592 контейнер жөнелтілді. Орталық Азияға жіберілген жүк тасымалының жалпы көлемі 8856 тоннадан асты және 29,8 млн долларды құрады.

Гүлжан Раманкулова

Айта кетсек, ҚР Инвестициялар және даму министрінің ақпаратына қарағанда 2020 жылы мемлекетіміз Қазақстан арқылы транзитпен өтетін контейнерлердің көлемін 2 млн-ға жеткізбек. Оның көп бөлігі Қытай-Еуропа бағыты бойынша орындалады деп жоспарланып отыр. ҚР ИДМ болжамына қарағанда, 2020 жылға дейін жүк транзиті бес млрд долларға жетуі мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер