BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Сарапшы Қазақстан 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын талдады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Айжан Мұқышбекова Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын үш негізгі бағытта қарастырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол үшінші жаңғыру міндеттерін шешуде кешенді бағыт бола алады.

Біріншіден, жаңа стратегиялық құжат барынша инклюзивті сипатқа ие, онда халықтың өмір сүру сапасын арттыруға аса мән берілген. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ 7,7 мың АҚШ долларынан 18,5 мың АҚШ долларына дейін өсетін болады. Бұл тұста, өңірлердің экономикалық дамуындағы тепе-теңдікті 2,7 есеге дейін азайту жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай қала халқы 100% орталықтанған су желісімен қамтамасыз етілетін болады, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткішті 80%-ға дейін жеткізу көзделген. Халықтың өмір сүру ұзақтығы 72 жастан 75 жасқа дейін артатын болады.

Екіншіден, жаңа жоспарға экономика күрделілігінің индексі, ЭЫДҰ-ның бәсекелестік орта индексі сияқты маңызды көрсеткіштер енгізілген.

Экономика күрделілігінің индексі елде өндірілген өнеркәсіптік тауарлардың әртүрлілігі мен күрделілігі деңгейін көрсетеді. Халықаралық рейтингте Қазақстанның жоғарылауы ел экономикасының әртараптануының көрсеткіші болады.

ЭЫДҰ-ның бәсекелестік орта индексі Қазақстанның бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикадағы мемлекеттің үлесін азайтудағы ілгерілеуін бақылау үшін қолданылатын болады. Бұл тұста, жеке сектор экономиканы дамытудың маңызды факторы болуы тиіс.

Үшіншіден, негізгі басымдық орта кәсіпкерлікке жасалған. 2025 жылға қарай оның үлесін 4,8%-дан 15%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Дамыған елдерде орта бизнес экономиканың жүйе құраушы факторына айналған.

Жалпы алғанда, қойылған міндеттер кең көлемді болғандықтан барлық қатысушының, яғни мемлекеттің, бизнестің және қоғамның үйлескен іс-әрекетін қажет етеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер