Қостанайда әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі басталды - Арнайы жобалар|10 Тамыз 2018, 18:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Қостанайда әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі басталды

Фото: gazetavyborg.ru

Бұл жолы үкіметтік емес ұйым өкілдері тарапынан жүзден астам ұсыныс келіп түскен. Арнайы комиссия солардың ішінен ең үздік дегендерін анықтамақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.

Идея авторларының бәрі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын ұсынып отыр. Іріктеліп алынған 7 шағын жобаның жеңімпаздары 200 мың теңгеден иеленеді. Ал ауқымы кең, маңызы жоғары 4 жобаның иелеріне 500 мың теңгеден берілмек.

Айта кеткен жөн, идеялар жәрмеңкесі Қостанайда 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

«Біз үкіметтік емес ұйымдарға қаржы бөлеміз, олар мәселерді шешумен шұғылданады. Сол үшін де өзекті деген жобаларды таңдалып алынады. Одан әрі қалай жүргізгенін бақылап отырамыз», - дейді облыстық ішкі саясат басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Марат Жұрқабаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер