BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

ЭКСПО көрмесінің арқасында Қазақстанды 2 млрд адам таныды

Фото: баспасөз қызметі

ЭКСПО-2017 көрмесін 4 миллион тамашаласа, халықаралық деңгейде жарнамалау шараларының арқасында Қазақстанды 2 млрд адам таныған. Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесінің аяқталғаннан бергі бір жылдың жұмыстары туралы әңгімелеген «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ербол Шорманов мәлім етті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

- Көрмеге әлемнен 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысты. Тіркеу досьесі бойынша біз шамамен 2,5 млн адам келеді деп күткен едік, ал көрмеге 4 млн адам келген. Олардың 15 пайызы – 187 елден келген туристер, - дейді Ербол Шорманов.

Жалпы, көрме өткен 93 күнде әртүрлі мемлекет басшыларының және үкімет басшыларының қатысумен 220 ресми шара ұйымдастырылса, Қазақстан тарапы көрмеге қатысқан елдермен арада 39 келісімге қол қойған. Көрме аясында 3500 мәдени-бұқаралық шара ұйымдастырылған.

- Көрменің ел экономикасына тигізген пайдасы туралы айтар болсақ, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы облыс және Алматы, Астана қалаларының әкімдіктерімен көрме құрылысына отандық компанияларды тарту туралы біраз келісімге қол қойды. Соның арқасында 408 отандық кәсіпорын тапсырыс алып, 414 млрд теңгенің жұмысын атқарды. Аймақтарды қосқанда, 50 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, - дейді ол.

Көрме нысандарының қазіргі жұмысына тоқталған ол ЭКСПО-2017 алаңы Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы бекітіп берген тұжырымдамаға сәйкес, ЭКСПО-2017 көрмесінің базасында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Халықаралық «жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар» орталығы, «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен IT-университет сияқты ірі жобалар іске асырылады деп жоспарлануда. Жуырда аумағы 21 мың шаршы метр халықаралық көрме кешені іске қосылмақ.

- Астананың 20 жылдығында біз көрме аумағында жазғы сахна орнаттық. Кейбір концерттерге тіпті 8 мың көрермен жиналған. Балаларға арнап, театрландырылған қойылым және цирк шоулары өтті. Осы шараларды дәстүрге айналдыру ойымызда бар, - дейді Ербол Шорманов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер