Алматының үздік кәсіпкерлері анықталды - Арнайы жобалар|10 Тамыз 2018, 22:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Алматының үздік кәсіпкерлері анықталды

Фото: Автор

Екі күнге созылған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Алматы электрлі механикалық зауыты» ЖШС, «Алматы автотіркемелер зауыты» ЖШС және «Алматы көпір құрылысы зауыты» ЖШС-сі Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар деп танылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Аталған байқауға жергілікті 60 компания қатысты. Олардың басым көпшілігі – көрмеге алғаш рет қатысып отырған жас кәсіпорындар.

Мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР ҰКП және бизнес қоғамдастық өкілдерінен құралған сараптау комиссиясының шешімімен «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталамымен – «Алматы электрлі механикалық зауыты» ЖШС, «Алматы автотіркемелер зауыты» ЖШС-сі және «Алматы көпір құрылысы зауыты» ЖШС-сі марапатталды.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында «Семирамида» тігін фирмасы» ЖШС-сі, «Адал Плэнт» ЖШС-сі және «Элтекс Алатау» ЖШС-сі үздік деп танылды.

Сонымен қатар «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында – «ЭФКО Алматы» ЖШС-сі, «Игеликова Д.М» ЖК және «Қызыл айдаһар» ЖШС-сі үздік шықты.

Заңнамадағы өзгеріске байланысты, биыл әрбір аталым бойынша теңдей үш жеңімпаз таңдалды. Бірінші, екінші және үшінші орындарға бөлінбеді.

«Бүгін залда үздіктердің үздігі бас қосты. Бұл өнеркәсіп флагманы, Қазақстан бизнесінің элитасы саналатын компаниялар. Сараптау комиссиясының алдында күрделі таңдау тұрды: байқауға қатысып отырған әрбір компания, менің ойымша, жеңімпаз атануға әбден лайықты. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз әрі республикалық кезеңде жарқын жеңіске ие болуларына тілектеспіз!» - деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер