USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

ЖҮРЕК НАЗЫ...

Түнектерде адасқан жанымды мынау,
Басып кетті күз жетпей көңілді қырау.
Қаңтардың қақаған аязында,
Бейіттерге беттеген жол тұр- ау...

Бейіттің де бұғанасы бұзылмай,
Бауырымды әкетті шауып жүрген құлындай.
Аға дедім, кетпе дедім, тоқта дедім,
Бірақ тоқтамады, кете берді артына бұрылмай.

Өмірге өкпем жатыр,
Өзегімді тырналаған.
Ағамды әкетіп бара жатыр,
Жүрегімді қайғы кеп жұлмалаған.

Жанымды шарасыздық жайлады,
Уақытта зымырап өтті тұрмады.
Уақытқа да, өмірге де мұң айттым,
Тек қара жер адамдарды жұтудан тоймады.

Өзің басқан жерге түседі деп кім ойлады?
Сенсіз өмір сүруім қиындап,
Күш- қуат кетті бойдағы,
Қайғы кеп қан ішкізіп ойнады.

Үш бәйтерек ек жайқалған,
Ортамызда анамыздың жоқтығы байқалған.
Енді ана да жоқ, сен де жоқ,
Тек әкеміз қалды жапырағы жұлынып қартайған.

Үйде жүр сәбилерің іңгәләған,
Төрт жасар ұлың әкелеген.
Бір жасар қызың қалды мәпелеген,
Олар үшін асқар тау ғой «Әке»- деген.

Қараймын да соларға егілемін,
Көңілімді аулаған,
Солармен жүрсем сеніменмін,
Мұңайма аға, олардың серігі менмін!

Сенсіз мына жалғанда адасып барам,
Бүгін енді мен жалғыз қалам...
Кіріп барып сен жатқан бөлмеге,
Дұға бағыштап жүр молда адам...

Бос қалды сен тұрған ғалам,
Жатыр даламда сен басқан қадам.
Санада елесің естелік боп есіркейді,
Амалсыздан дұға оқып отырмын саған.

Жоғалттым сені жан асылым, ардағым,
Қатал тағдыр салды ауыр салмағын.
Сені жоқ деуге қалайша сенемін?
Тым болмаса қасымызда тіреу боп қалмадың.

Налимын осылай жүрекке жүк артып,
Сенсіз таң да атар, кеш те батып.
Сен енді сағынышқа айналдың,
Еріксізден жас келді жанарға, бейітіңе бара жатып,

Сағынғанда жиі келем бейітіңе,
Жүректің назын сейілтуге.
Жоқтығыңа сенсе тіршілік, сенбес жүрек,
Әкеткен өзіңді күш бар Тәңірдің құдіретінде.

Бергенін алар Құдай,
Түк шықпас отыра бергенмен жылай,
Санамдағы сағынышқа малшынып,
Жаныңнын тыныштығын тіледім сұрай.

Қимаймын- ау қара жерге өзіңді,
Талайлар бар тастап кеткен өмірді.
Біз пендеміз, мәңгі бірге емеспіз тіршілікте,
Кетіп қалдың үн қатпай үнсіздікте.

Сен мәңгілік ұйқыға кеттің бауырым...
Қайғырды дос- жаран қауымың.
Жаның жәннәттә жәй тауып,
Жұмақта болсын зәулім сарай, ауылың!

Иманға, исламға толсын қабірің,
Жұмақта артсын дәрежең мен қадірің.
Мен саған жұмақтың жақсылығын тілеймін,
Періште ағам, ҚАЗБЕК, жалғыз бауырым!

Қарындасы: Айкөз АҚЫЛБЕКҚЫЗЫ.
15- ші ақпан (дүйсенбі).
Сағат: 15:53...2016 жыл...

Ұқсас сілтемелер:
06 Қазан 2016, 17:01
ҚАЗАН ЖҮРЕК ҚАЙДАУЫЛ
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады