USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Жүрегім Отан-Анама!

Уа, қазағым,
Тарихың бар қат терең,
Бүгініңді басыңдағы бақ дер ем...
Дүрсілдеткен жүрегім бар кеудемді,
Керек десең оны жұлып-ақ берем!

Ақын деген жүректі сөзімен ерек,
Жо-жоқ, онда жүрегім "өзіме" керек.
Елімнің кетсе еленбей тая туы шын,
Керек ол талай жүректі ояту үшін!

Керек ол жалыннан құрап әріп теруге,
Қараңғыланған кеудеге жарық беруге.
Ырысы тасқан осынау байтақ өлкеме,
Керек ол байтақ байлықты алып келуге!

Тырысты бабам елімді елдік етуге,
Шыдамай ұрпақ көз жасын мөлдіретуге.
Жүрегің қазақ, қазақтың қанын айдаған,
Керек ол қазір туыңды желбіретуге!

Тарихтың терең бойласаң сыры бар мәлім,
Аға боп сен де ұрпаққа ғұмыр арнағын.
Жалын боп тұрған жүректі пайдалана біл,
Ғашығыма деп байқамай жұлып алмағын!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады