BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.75 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Жылыой ауданының мемлекеттік қызметшілеріне Әдеп кодексінің қалта кітапшасы (Pocketbook) табысталды.

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ә. Шәкіров аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне "Әдеп кодексі" қалта кітапшасын (Pocketbook) табыстады.

Өз кезегінде Ә. Шәкіров Pocketbook - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп жасалғанын атап өтті. Мемлекеттік қызметшілерге әдеп мәселелері туындайтын жағдайда нұсқаулық құралы ретінде қызмет етіп қана қоймай мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттағы, қызметтегі қарым-қатынас, әлеуметтік желілерде өзін дұрыс ұстауы, көпшілік алдында сөз сөйлеу және түрлі мүдделер қақтығысы туындаған жағдайларда неге сүйенуге болатыны және қандай әрекетке ұмтылуы жөнінде мысалдары келтірілгенін атап өтіп, мемлекеттік қызметшілерге бұл кітапты жанында үнемі алып жүру керектігін айтты.
Естеріңізге сала кетсек барлық жергілікті және орталық атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілген болатын. Олар қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг мен бақылауды жүзеге асырады, түсіндіру жұмысын жүргізеді, әріптестер арасында дұрыс психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді. Одан өзге, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бұзылған жағдайда әдеп жөніндегі уәкіл оларды қорғау және қалпына келтіру бойынша шараларды қабылдайды

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер