BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған жас ақындар мүшәйрасы

"Астана – жастар жүрегінде"

Сұлу қыздың суретіндей сымбатты,
Гүл Астанам сүйем сені тым қатты.
Көздің жауын алатын нұр келбетің
Талай жанның жас жүрегін жырлатты.

Тал бойыңа таң шуағын шашып Күн,
Ажарланған айдыныңа ғашықпын.
Болашаққа бағдар болған бас қала
Өзіңменен арманыма асықтым.

Ерке Есілдің бойындағы бақшадай,
Сағат сайын гүлденуде бақ сарай.
Бақ сарайда құшағы кең жақсылар
Қонақтарын қарсы алатын патшадай.

Жастар үшін әрбір жасап жатқан іс,
Мақсаттарға жетелейді қатты ағыс.
Кемеңгерлік кемесімен аттандық
Келешекке еткен еңбек мақтаныш.

Бар қазақтың басындағы бағындай,
Жас қаламыз көш бастауда жаңылмай.
Ниеті де, көшесі де тап-таза
Адалдықтың былғанбаған арындай.

Зәулім-зәулім ғимараттар сан түрлі,
Бір көргеннен тәнті қылар әркімді.
Мөлдір тұнық ерке Есілдің айдыны
Арулардың жанарындай тартымды.

О, Астанам, өркендей бер сән құрып,
Әлем халқын тамсандырып, таң қылып.
Рухты жастар Отанымның жүрегін
Жүрегінде сақтап жүрер мәңгілік!

Жәнібек Салқынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Желтоқсан 2018, 17:36
"Шүкірлік етем бәріне"
06 Желтоқсан 2018, 19:20
"Бір қыз бар"
Пікірлер