USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Жерлес ақын ағам Қайнар Алагөзовке

Қанықсың қара өлеңнің қаймағына,

Анықсың күллі қазақ аймағына.

Ырғыздың бір ұлынан арнау болсын

Шалқарлық Алагөздің Қайнарына.

Заманың кетсе - дағы мың құбылып,

Жазасың жүрегіңмен жырды тұнық.

Түнгі клубтың у - шуы бұйым емес

Тұрғанда сенің әнің "Түнгі клуб".

Қасыңнан дос жараның арылмасын,

Анашың ұзақ жасап ауырмасын.

"Ауылдастарым" әнін естігенде

Секілді болып кеттің ауылдасым.

Мағынаға толы қып әр ұйқасын,

Қара өлеңнің бұзбаған қағидасын.

Қазақтың барша қызы тыңдаса екен

Төрештің айтып жүрген "Мәдинасын".

Жасынан жетелеген шың - құзына,

Мен тудым ырысты өлке Ырғызымда.

Әніңді тек қана қазақ емес

"Алло" деп ырлатып жүр қырғызың да.

Таптың сен "Егіздің сыңарын да",

Шалқар деп орысша өлең құрадың да.

Сол жерде бала күннен бірге өскен

Аман жүрсін Аян мен Құралың да.

Төрешке өлең жазып қолдадың да,

Айтыста терме айтып толғадың да.

Назгүл мен балаларың аман болып

Әрдәйім қазағыңның "Бол жанында".

Ұқсас сілтемелер:
06 Желтоқсан 2016, 12:11
Ақын Абаштың айтқандары
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады