BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс өршіп тұр!..

Соңғы жылдары кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстар өршіген. Бұның себебі не?
Биыл Шымкентте Ворошиловка ауылында 14 жасар баланы атып өлтіргені ел есінен әлі шыға қоймады. Басқа басқа, ауыздарынан ана сүті кеппеген жасөспірімдер бір-біріне қару кезене бастаған. Қазір қылмыс дегенге таңқалудан қалдық қой, дегенмен, бұл оқыс оқиға бізді қатты есеңгіретіп қойғаны рас. оқиға бізді қатты есеңгіретіп қойғаны рас. Бұдан бөлек, құрдастарын жалдамалы пәтерге апарып, қоқан-лоқы көрсеткен 15-16 жасар жасөспірімдерді де интернеттен көрдік. Бас шайқадық. Жабулы қазан жабулы күйінде қалып кеткен қылмыстар қаншама?!.
Жасөспірімдер қылмысқа тоқшылықтан, жастар жоқшылықтан барады.
Сонымен, мұндай қылмыстар қайдан шығады? Осы жөнінде біз ең бірінші психолог мамандардан сұрап көріп едік:
Балабек Сақтағанов, «Астана» университетінің психолог қыметкері:
Бұның себебі көп. Көктен жауатын әр тамшы – әр түрлі ғой. Сол секілді әр жасөспірім өзінше жеке бір әлем. Бәріне жалпылама бір диагноз қоюға болмайды. Ал, кең тараған гипотезаларға келсек — мұнда бірінші кезекте тұрмыстық жағдай әсер етеді. Қатарынан қалып кеткесін өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптаспайды. Осының салдарынан жасөспірім клептоман (ұрлыққа бейімділік) болып кетеді және т.б. факторлар әсер етуі мүмкін. Сол үшін мектеп қабырғасында психологтар жасөспірімдермен псиxологиялық жұмыс жүргізу керек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер