BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

ЖАЙДАРМАННЫҢ ЖАЙДАРЫ КҮЛКІСІ

ЖАЙДАРМАННЫҢ ЖАЙДАРЫ КҮЛКІСІ
Ақтөбеде Қазақстандағы жастар арасындағы «Жайдарман» ойыншыларының жартылай финалы өтті. Студенттер сарайы көрермендерге сыймай кетті. Ойынға он бес команда қатысты. Сахнада жас ойыншылардың көтерген тақырыптары өте тұщымды. Ақтөбедегі шұрық-тесік жолдар мен кешегі қалаға берілген аудан атаулары әр команданың аузынан түспеді. Тіпті кейбір ойыншылар әкімдер мен депутаттарды да сойылмен соғып өтті. Жастардың қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеріп отырғаны көпшіліктің көңілінен шықты. Ақтөбе қаласындағы №35 мектептің құрама командасы, Облыс Әкімінің ішкі саясат бөлімі тағайындаған арнайы кубогын жеңіп алды.Сөздің орайы келгенде айта кетейін, бұл ғұмыры ұзақ жобаның жетекшісі - Есен Елукен. Есен мені ылғи «Нұржерлес» ағам деп, әлеуметтік желіде жазып жатады. Жұрт айтып жүрген Шалқар ауданының, «Шетырғыз» ауылынан шыққан тұйық, сары бала осы жігіт. Әжем айтушы еді «Тұйық адамдардан тұщымды іс шығады» деп, рас екен. Кейбір білгіштер театр мен «Жайдарман» ойынын байланыстырып сынап жатады. Бұл ойынның театр саласына түк қатысы жоқ. Өз алдына мүлдем бөлек жанр. Ойы озық жастар аяқ астынан сахнада сөз тауып, бес минуттың ойынның ішінде бес түрлі тақырыпты қамтып жатады. «Жайдарман» ойынының күлкісі де бөлек. Оған қойылым емес, жастардың жүйрік ойынын көрем –деп барған дүрыс.
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН
ҚР Мәдениет қайраткері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер